Бүгінгі таңда Түлкібас ауданында жұмыссыз, тұрмысы төмен азаматтарға және табысы төмен отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан тұрмыс сапасын арттыруға және өзін-өзі жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарламалар толыққанды іске асуда.

Бүгінгі кейіпкеріміз, Түлкібас ауданына қарасты Шұқырбұлақ ауылының тұрғыны М.Парманова мемлекет тарапынан тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек қаржысына 2 бас сауынды сиыр алып, өз жеке кәсібін өрлетуге жол ашып отыр.

– Мен Парманова Мунира Рысқұлов ауылдық округіне қарасты Шұқырбұлақ ауылының тұрғынымын. 5 баланың анасымын. Жыл басында көп балалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек берілетін болды дегенді есітіп мәз болып қалдық. Осы күнге дейін алатын болмашы қаржы біріне жетсе біріне жетпейтін. Амал жоқ, жоғына барын құрап «жоқ» демей өмір сүріп келдік. Сөйтіп, қажетті құжаттарымызды жинап, көмек алуға асықтық. Сондағы ойымыз баршылықта, молшылықта өмір сүретін болдық қой дегеніміз. Расымен де, атаулы көмекті алған соң жағдаймызда едәуір жақсарды. Баяғыдай, жамап-жапсыру азайды. Қарапайым отбасылар үшін жасалған бұл көмек бәріміз үшін қолдауға ие дүние болды. Аз уақыттың ішінде алған ақшамызға үй шаруашылығында 2 бас сүт бағытындағы ірі қара алып бағудамын. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан кейінгі берілген қаржыға және бала-шағамнан артылған сүтті көрші-қолаңға сатып, ірі қаралардың жемі мен шөбін қыс мезгіліне дайындап та қойдым. Бір сөзбен айтқанда үйіміздің берекесі кіріп, дастарханымыз ағарғанға толды. Алдағы уақытта да осы салада жұмыс жасап, үй іргелік шағын сүт фермасын ашуды жоспарлап отырмыз. Бізге осындай өлшеусіз көмек көрсеткен Үкіметімізге көп балалы ана ретінде алғысым шексіз.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.