Ақша ауысқан алғашқы жылдары хлықтың күн көру деңгейі төмендеп, бірнеше айлар бойы жалақы ала алмаған ел ата-бабамыз істемеген саудамен айналысуға бет бұра бастды. Ер азаматтар үй тшаруасы мен бала тәрбиесіне қарап үйде отрып, әйелдер ала дорбаны арқалап, көшеге шығып кетті. Көкеніс пен пісте, киім-кешек, әйтеуір әркім қолынан келгенін, орайы түскен тауарын сатып, Қазақстанның алыс-жақын қалаларын кезп кеткен жылдр еді. Осындай майда сауда жасаудан бастаған үлкен кәсіпкерлер қазірде көптеп кездеседі. Жолы болмағандар азын-аулақ тпқан табыстарын қанағат тұтып, үйлеріне қайта оралды. Аракідік болса да тағдырдың сынынан өте алмай, теріс жолға түсіп кеткен әйелдер де кездесіп жатты. «Үйінен қырық қадам алыстған еркек – бойдақ» деген сөз сырттан қызық іздегіш еркектерге арналғаны рас. Ал шайтанның тіліне еріп, үй-жайын, бс иесі мн бала-шағасын ұмытып, желік қуған әйелдерге не сөз лайық екен дерсіз. Өзі мектепте мұғалім, күйеуі де совхозда маман, үш ұл, үш қыздың анасы Мәрияш та жеті-сегіз ай бойына жалақыларын ала алмай, күн көрістері қиындап кеткесін, құрбысына еріп Астанаға кетеді. Алғашында пісте, алма, гүл сатып, жалға жатқан үйі мен тамағынан артылған қаражатын ауылға жібріп тұрады. Бір қыс қыстап шыққан соң, Астанға үйреніп те кетді. Құрылысы қарқынды жүріп жатқан қалада істеймін дегенге жұмыс көп. Түріктің фирмаларының біріне сылақшы-бояушы болып жұмысқ кіреді. Сонда жүріп түрік-прораб еркекпн көңіл қосып, ауылға баруды доғарып қояды. Ел аузында сөз жатсын ба. Мәрияштың бұл жүрісінен енесі мен күйеуі де хабардар болады. Көз жеткізу мақсатында Астанаға әйелін іздеп келген күйеуі Мәрияштан үзілді-кесілді бас тартып, үйге баруына тиым салады. Ел-жұртқа масқара болған Мәрияш еліне қайтып кеткен түрік көңілдесінен айырылып, жалғыз қалады. Сол кезде есіне бала-шағасы түседікен ол үш қызын өз қолына алады. Жеңіл жүрісті әйел қыздарына қайбір тәрбие берсін. Үлкен қызы Ботакөз мектепте оқып жүргенде-ақ жүктіп болып, оқудан шығарылған. Қазір шешесі екеуі де рухани азғындағы әйелдер. Кіші қыздрының тағдырына алаңдған әкесі сот арқылы қыздарын өз қолына қайтарып алады. Мәрияштан қтты көңілі қалған күйеуі басқа әйелдерге де іші жылымайды. Жас болса да, үйлену туралы ойланбайды. Екі қызын ұзатты, үлкен ұлын университетте оқытып жатыр. Анасы екеуі балалардың тәрбиесімен айналысып, шаңырақтарын сақтап қалды. Жағдайлары жақсы. Қорада мал, жеңіл автокөлігі бар, жеке фирманың бас есепшісі болып жұмыс істейді. Ал Мәрияш түйенің жарты етіндей денесі, аузында темекісі, Шымкенттің базарында ұсақ-түйек сатып отырады. Аз күндік қызыққа алданып, бақытынан айырылған бейбақ енді бар қызықты арақтан іздейтін дәрежеге жеткен.

Бәрінен де қызы Ботакөзге обал болды. Ақымақ анасының кесірінен тағдыры тас-талқан болып, жаман жолға түсіп кетті. Қызының қай қалада тұрып жатқанынан хабары да жоқ шешесінің. Әйел затының орны от басы, ошақ қасы екені рас қой. Көшеге шығып, ақша таптым дегені болмаса, кез келген әйел бала-шағасының ортасында, соларға қамқор болып отырғанды аңсаса керек. Қымбатшылық, жұмыссыздық жан-жақтан қысып, әйел мен еркектің орнын ауыстырып жіберген заман енді ғой…

Әсем ӘМІРЕЕВА

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.