Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады. Ауа-райының келеңсіздігінен, Шымкенттің жаңа басшысы пойыз арқылы Нұр-Сұлтан қаласына жол тарқан болатын.

Мұрат Дүйсенбекұлы Президентке Шымкенттің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындысы туралы баяндап, аймақты одан әрі өркендету жоспарымен таныстырды.

Кездесу барысында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті мен мүмкіндіктері айтылды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы биыл елдегі айтулы даталар Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен ұлы ғұлама Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай өтетін шараларға да тоқталып, Шымкенттің ТМД елдерінің мәдени астанасы ретіндегі жауапкершілігін атап өтті.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы әкімге Үшінші Мегаполистың әлеуетін арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Алдағы уақытта да Мемлекет басшымыз Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын басты назарда ұстамақ.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.