Бүгін Түркістан облысына арнайы келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Арман Бердалин Отырар ауданының активімен кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – азаматтық қоғам қалыптастыруға белсенді жұртшылықты жұмылдыру және әділдік, парасаттылық құндылықтарын кең көлемде насихаттау.

Парасаттылық құндылығы кең көлемде дәріптелген келелі жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары ауданның әкімдік және дербес бөлім қызметкерлері, білім беру ұйымдары мен медицина саласының басшылары қатысты.

Жиын барысында халық үніне құлақ түруді көздеген Агенттік өкілі А.Бердалин халықпен тең отырып тілдесу – талай түйіннің шешілуіне түрткі болатындығын жеткізді.

Сондай-ақ, үгіт-насихаттық жұмыстар арқылы әрбір өңір жұртшылығына Агенттік жұмысының ашықтығы пен тиімділігін түсіндіріп, тұрмыстық жемқорлық індетіне қоғам болып төтеп беруге шақырды.

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған баянды бастаманың ұлттық құндылықтармен сабақтасып жатқандығын аңғарған жиынға қатысушылар Агенттіктен арнайы келген қонаққа өз сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.

Айта кетсек, өткен жылдың қараша айында өз жұмысын бастаған республикалық ақпараттық-ағарту Штабының Түркістан облысындағы мүшелері де облысқа қарасты аудан-қала тұрғындарымен жүзбе-жүз кездесіп, бүгінгі күні түсіндіру әрі насихаттау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.