Аудан әкімі Н.Тұрашбеков, аудандық мәслихаттың хатшысы С.Сейсенбаев, аудандық ардагерлер және қоғамдық кеңес төрағалары аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылындағы екі отбасының үйлеріне арнайы барып, тұрғындардың жай-күйімен танысты.

Бірінші кезекте аудан әкімі бастаған жұмысшы топ, аудан орталығында жалдамалы пәтерде тұратын көпбалалы ана Құдияр Гүлмира Боранбекқызының пәтеріне табан тіреп, сұқбаттасты. Мұң-мұқтажына құлақ асқан аудан әкімі алдағы уақытта мемлекет тарапынан жаңа бизнес идеяға беріліп жатқан қайтарымсыз мемлекеттік грант алып, тігінші мамандығын тәмамдаған Гүлмира Боранбекқызына өз жеке кәсібін дөңгелетуге бар мүмкіндік жасалатындығын жеткізді.

Содан соң, аудан әкімі аудан орталығында Қожаниязова Толқынай Ганибайқызының отбасына арнайы барып, тұрмыстық жағдайын өз көзімен көріп шықты. Жалдамалы пәтерде тұратын отбасы 2005 жылы Өзбекстаннан көшіп келген. Отағасы 2005 жылы өмірден өткен. Өмірдің қиын сәттерін басынан өткеріп жүрген жалғыз басты анамен сұқбат құрған аудан басшысы қазіргі тұрып жатқан үйіне демеушілер есебінен газ кіргізіп беретіндігін айтып, алдағы уақытта жанұяның күнделікті қал-жағдайы өз бақылауында тұратындығын жеткізді.

Осы уақытқа дейін 35 отбасының тұрмыстық жағдайларын өз көзімен көріп шыққан аудан әкімі тиісті дербес бөлім басшылары мен округ әкімдеріне мемлекет тарапынан ұсынылып жатқан бағдарламалармен қатар, демеушілер тарапынан көмекетерді де ұйымдастыру қажет екенін айтып, әр отбасы жеке бақылауында тұратынын жеткізді.

Айта кетейік, бағдарлама аясында ауданға қарасты барлық ауылдық округ, кенттерде арнайы топтар құрылып, аз қамтамасыз етілген 93 отбасы анықталған. Көмекке мұқтаж азаматтар жергілікті әкімдік тарапынан бақылауға алынып, азық-түлік, киім-кешек және өзге де қажетті заттар мен қажеттліктерінің тізімі жасақталып, шешу үшін жоспар түзіліп, кураторлар бекітілген. Тұрмысы төмен отбасыларға қамқорлық көрсетіліп, кедейлік шеңберінен шығуға мүмкіндік жасалмақ. Еңбекке жарамды азаматтарды жұмыспен қамту жағы да қаралған.

Бүгінгі таңда аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен жалпы тізімдегі отбасыларға «Феррум Констракшн» ЖШС-нің, «Грамад» гипермаркетінің және «Мадина» макарон фабрикасының демеушілігімен әзірленген азық-түліктер аудандық «Мейірім» еріктілер тобымен әр отбасына жеткізілді.

Демеушілер есебінен жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады.

Түлкібас ауданының баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.