Бүгін Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбеков тағайындалды.

Алмасбек ағамыз облыста көптеген лауазымды қызметтер атқарып келген…

Еңбек жолын 1994 жылы «Қазақстан» жастар орталығының менеджері болып бастаған. 1994-2005 жылдар аралығында Шымкент қаласының бірқатар басқармаларында бас маман, бөлім бастығы қызметттерін атқарған. Кейіннен Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, ОҚО Ордабасы ауданының әкімі және Түркістан облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы – Түркістан облысының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметтерін атқарған.

Алмасбек Кеңесбекұлы 1969 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша география-биология пәндерінің оқытушысы, экономика және бизнес маманы.

Жаңа қызметіңіз жемісті болғай, аға!

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.