Шымкент қаласы орталық мешітінің жаңа iman.kz сайтының таныстырылымы өтті.

Сайт тұсаукесеріне Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев қатысып, әлеуметтік желінің ерекшелігіне тоқталып, сайт ұжымына шығармалық табыс тіледі.

«Ақпарат саласы күн сайын жедел дамып келеді. Біз де бұл үрдістен қалыс қалмауымыз қажет. Сондықтан жаңа сайтта жаңалықтар дер кезінде жарияланып, танымдық материалдарға көбірек орын берілуі тиіс. Сайт ұжымының жаңа бастамаларына, күнделікті жұмысына сәттілік тілеймін» деді Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы.

Сайт жұмысына тәжірибелі мамандар тартылды. Сайтта күнделікті діни жаңалықтар, мақалалар, сұрақ-жауап айдары, кітапхана, сайттың мобильді қосымшасы т.б. маңызды дүниелер қамтылған.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.