Келес ауданы аумағынан өтетін А-15 Республикалық маңызы бар автокөлік жолының бойына санитарлы тазалық жұмыстары жүргізілді.

Көктем келісімен-ақ аудан орталығынан бастап, барлық ауылдарда көктемгі жұмыстар қолға алынды. Көше бойларындағы бұрыннан өсіп тұрған ағаштар мен жасыл желектерге күтім жасалып, ағаш түптері ақталды. Ағаштарды суландыруға ыңғайландырылып, арықтар тазартылды.

Сонымен қатар, автомобиль жолдарының қатты қалдықтар мен қоқыстар сыртқа шығарылды. Алдағы уақытта сенбілік жұмыстары осылайша жалғасын таба беретін болады. Себебі ауданымыздың көгалдануы көркіміз болса, таза болуы мен абаттануы – баршамызға ортақ абыройымыз.

Келес ауданының орталығы Абай ауылында орналасқан сауда нүктелерінде, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бойынша жұмысшы топ мүшелері кезекті аралау жұмыстарын жүргізді. Сатушыларға базарда сатылатын тауарлардың бағаларын тұтынушыға көрінетіндей етіп жазып қоюларын және тауар бағаларын негізсіз көтермеулері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жұмысшы топ өкілдері базар басшылығына, тауарлардың бағаларын электронды форматтағы жүгіртпе жол құрылғыларын орнатып, үлкен көлемде тұтынушыға көрінетіндей етіп орнатуды айтты. Қазіргі таңда, базардағы сауда нүктелірінде баға тұрақты. Сауда нүктелеріндегі тауар нарығы, ауданда құрылған жұмысшы топтың тұрақты бақылауында болады.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.