Шымкент қаласындағы «Гауһар» шағын тігін фабрикасына ат басын бұрған журналистер құрамы өндірістің тыныс-тіршілігімен танысып шықты.

Аталған өндіріс орнының бас инженер-технологы Капина Баян ханымның айтуы бойынша 150 тігіншіден тұрар фабриканың дайын өнімді өндіру күндік қауқары 500 мың дана. Маска тігуді кеше қолға алған фабрикаға әзірге «Экофарм» ЖШС тарапынан 1 млн дана маскаға тапсырыс берілген

Сонымен қатар, қала басшысы М.Әйтенов мегаполистегі ірі сауда орталықтардың бірі «Mega Planet» ойын-сауық орталығының жұмыс істеу режимімен танысты.

Аралау барысында Мұрат Дүйсенбекұлы келушілерге сақтық және санитарлық шаралары туралы кеңінен түсіндіру қажет екенін айтып, бекітілген режимде жұмыс істеуді талап етті.

Айта кетейік, аталмыш орталықтың алдында келуші қала тұрғындарының қолдары арнайы антисептикпен тазартылуда.

Шымкент қаласының әкімі М. Әйтеновтің тапсырмасы бойынша қаладағы бірнеше тігін кәсіпорындары бүгіннен бастап медициналық маскаларды тігуді бастады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Солардың бірі – «Гауһар» тігін фабрикасы. Аталмыш фабриканың жұмысымен бүгін шаһар басшысы арнайы келіп танысты.

Мұнда 450 қызметкер күніне 500 мың масканы тігуге мүмкіндігі бар. Осылайша қала тұрғындарының сұранысы толық қамтамасыз етілетін болады. Маскалар тұрақты бағамен сатылмақ.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.