Ақпараттық-коммуникациялық орталығында ҚР аумағында Төтенше жағдайлар режимінің енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларының орындалуы барысы жөнінде қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр Әбілхайырұлының қатысуымен денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту, еңбек және экономикалық тұрақтылық жөнінде баспасөз брифинг өткізілді.

Бүгінгі баспасөз мәслихатында індеттің алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Қазір жергілікті тұрғындарды медициналық бетперделермен қамту жұмыстары қолға алынды. Тігін фабрикалары сұранысты қанағаттандыру мақсатында ауысыммен еңбек жасауда.

Бүгін ертең дәріханалар мен сауда орындарына түсетін маскалар бір реттік емес. Оларды жуып, үтіктеп қайта пайдалануға болады. Бағасы сапасына қарай, яғни 4 қабат маска – 110, 8 қабат – 130. Ал, 16 қабаттысы -200 теңгеден сатылымға түседі.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.