Шымкент қаласы » Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарыметов. БАҚ өкілдерімен бірге Шымкенттегі «GraMaD»гипермаркетін және Көктем базарының жай-күйімен танысып шықты. Бүгінгі таңда азық- түлік бағасы тұрақты. Дүрбелең болып жатқан жағдай жоқ.

Бахадыр Мәдәліұлы азық-түлік бағалары шарықтап кетуден ешқандай қауіп жоқ, себебі қорда халық тұтынатын негізгі әлеуметтік тауарлар жеткілікті екенін айтты.

– Шымкентте азық-түлік қоры жеткілікті. Бұл қиыншылықтың бәрін жеңіп шығамыз. Бізге ешқандай үрейленуге негіз жоқ. Күн сайын баға тұрақтылығына қатысты мониторинг жүргізілуде. Бұл ретте халықтың арасында үрей туғызып, дәйексіз өсек-аяң тарататындар заң алдында қатаң жауапқа тартылу керек деп санаймын, – деді Б. Нарымбетов.

Айта кетсек, «GraМad» – бүгінде қала әкімдігімен келісімге келіп, халыққа төмен бағада азық-түлік ұсынып жатқан қаламыздағы жалғыз сауда нүктесі. Бүгін байқағанымыздай, тұрғындар керек азық-түлігін жеткілікте деңгейде алып жатыр. Сондықтан байбалам салуға негіз жоқ.

GraMad маркетіндегі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы төмендегідей: күріш – 275 теңге (1 кг), ұн – 157 теңге (1 кг), бөлке нан – 70 теңге 1 данасы, макарон – 192 теңге (1 кг), сұйық (қүнбағыс) май – 419 теңге (1 литр), құмшекер – 175 теңге (1 кг), қарақұмық (гречка) – 316 теңге (1 кг), орамжапырақ (капуста) – 102 теңге (1 кг), картоп – 98 теңге (1 кг), пияз – 82 теңге (1 кг), сәбіз – 99 теңге (1 кг).

«Айна» базарындағы азық-түліктерге тоқталсақ, маусымдық сұраныстарға қарай мұнда баға кішкене өскені байқалады. Сатушылардың айтуынша, бұл жылда болатын қалыпты жағдай. Дегенмен, сауда орындарында делдалдар мен алыпсатарлар бағаны негізсіз көтеріп отырған жайттар да жоқ емес. Бұл ретте Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов қала әкімдігімен бірлесіп сауда орындарына азық-түліктердің делдалдарсыз тікелей жеткізілуіне күш салатынын жеткізді.

Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов пен Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Нұрғазы Бұхарбай шаһардағы «Айна» базары және GraMad маркетін аралап, осындағы әлеуеметтік маңызды тауарлардың бағасымен танысты.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.