Шымкент қаласы Жергілікті полиция қызметкерлері еріктілермен бірлесіп рейдке шықты.

Бүгін сағат 17.00-де Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші ауданы Полиция басқармасында полицияның кешенді күштерінің саптық тарату өткізілді.

Басқарма бастығы полиция подполковнигі Ерлан Тасполатов қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кіріскелі тұрған полицейлердің әзірлігін тексеріп, азаматтармен сыпайы сөйлесуге және әдептілікке баса назар аударуды талап етті.

Елімізде төтенше жағдай бойынша акпарат беріп, тиісті тапсырма мен бағдарлар берді. Шектеу қойылған объектілерде түсіндірме жұмыстарын жүргізуді, олардың иелері тарапынан қойылған талаптарды уақытылы орындауын қадағалауды тапсырды.

Рейдте жергілікті полиция қызметі еріктілермен бірге Еңбекші ауданындағы орналасқан ірі сауда орындарда, кафе, дәмхана, дүкендерге барып түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысқан еріктілерге Шымкент қаласы Полиция департаменті алғысын білдіреді!

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.