Шымкент қаласындағы карантинге жабылған Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетілуде.

«Nur Otan» партиясы ұйымдастырған «Біз біргеміз!» республикалық акциясының аясында 107 (616 адам) жағдайы төмен отбасыға азық-түлік себеттері тегін таратылды.

Бұл туралы Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов ақпараттық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында мәлімдеді.

— Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабы короновирус инфекциясына байланысты 14 күнге карантинге жабылғаны белгілі. Біз осы қиын кезеңде әлеуметтік тұрғыда әлжуаз отбасыларға барынша қолдау көрсетіп жатырмыз. Елбасы тарсырмасымен ұйымдастырылған«Біз біргеміз!» республикалық акциясының аясында 107 (616 адам) жағдайы төмен отбасыға азық-түлік себеттері тегін таратылды. Сонымен қатар 716 отбасыға 40-50 пайыз жеңілдікпен картоп, пияз, сәбіз, май, ұн ұсынылды,- Бұқарбай Рысқұлұлы.

Б.Парманов тұрғын алабына арзандатылған бағамен бірінші сұрыпты ұн жеткізілгенін, қазір нан бағасы тұрақты екенін айтты. Нан Жаңаталап тұрғын алабындағы (500 метр қашықтағы) наубайханада жабылып, жеткізілуде. Тұрғындарға 75 теңгеден сатылып жатыр. LTD Тұрмыс ұйымы елді мекенге күніне 2 мезгіл таза ауыз су жеткізіп беруде.
Аудан әкімінің айтуынша, елді мекендегі барлық тұрғындар қауіпсіздік талаптарын мұқият орындап, үй карантинінде отыр. Барлық 2 856 тұрғынға тұрақты түрде тегін медициналық бетперде таратылуда.

Айта кетейік, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында 132 аз қамтамасыз етілген, 96 көп балалы отбасы өмір сүреді.

Сондай-ақ, Абай ауданында 40 көшені күніне 2 рет LTD Тұрмыс мекемесінің 2 техникасы залалсыздандыруда.

Сондай-ақ ауданға қарасты 716 үйге №35748 әскери бөлімінің 100 қызметкері мен 4 техникасы дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде.

Айта кетсек, LTD Тұрмыс ұйымы елді мекенге күніне 2 мезгіл таза ауыз су жеткізіп беруде.

Аудан әкімінің айтуынша, елді мекендегі барлық тұрғындар қауіпсіздік талаптарын мұқият орындап, үй карантинінде отыр. Барлық 2 856 тұрғынға тұрақты түрде тегін медициналық бетперде таратылуда.

Ал, тәртіп мәселесіне қатыстыда мәліметтер жасап өтті. Аудан басшысы 12 ірі сауда орталығы, Шымкент әуежайы мен «Самал», «Бекжан» базарларының және 1 мал базары мен 2 автокөлік базарының, 59 тойхананың, 31 моншаның жұмысы тоқтағанын айтты.

Спикер шағынаудандар мен тұрғын алаптарда 10 шағын базар мен 1054 азық-түлік дүкені күнделікті жұмыс істеп тұрғанын жеткізіп, бақылау шараларының күшейтілгенін жеткізді.

Аудандағы 252 қоғамдық тамақтандыру орындарына қажетті залалсыздардыру құралдарының орнатылып жатқанын айтқан Б.Парманов тиісті талаптарды ескермеген нысандардың қызметіне шектеу қойылатынын хабарлады.

Шымкент қаласының Төтенше жағдай жөніндегі штабы

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.