Бүгінгі күнге дейін Шымкентте ТМД елдерінің мәдени астанасы аясында атқарылуы тиіс біраз іс-шаралар кейінге шегерілген болатын. Бұйыртса, Мәдени астана мәртебесі қаланың одан әрі дамуына үлкен серпін берері анық. Сондай-ақ бұл шаһарға жүктелген үлкен жауапкершілік деп түсінген абзал.

Ең бірінші, Шымкент Орталық Азияның ірі экономикалық жəне туризм орталығы атануы тиіс. Әсіресе туризм саласы арқылы салт-дәстүрімізбен мәдениетімізді халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауға мүмкіндік туындап отыр. Алдағы іс-шараларда алыс-жақын шетелден келетін қонақтар да бар. Және де Шымкент қаласы туризм басқармасына да артылар жауапкершілік орасан зор. Басқарма қалаға келетін қонақтардың өздерін жайлы және кез-келген ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге дайын.

Басқарма қызметкерлері шаһардың туристік индустрия нысандары болып табылатын әуежай, қонақ үй, сауда, ойын-сауық орталықтарында қала туралы жарнамалық-ақпараттық материалдарды да қайта орналастыруға дайын. Алдағы уақыттың жоспарында әлемді жаулаған індетпен күрес – басты назарда.

Қалаға келген әрбір турист әуежайдан түсе салып немесе қонақ үйлерде Шымкенттің туристік әлеуеті туралы бүктемелерден және карталардан өңірдің көрікті жерлері туралы толық ақпарат алуына қайта жағдайлар жасалатын болады.

Айта кететін жәйт, туристік материалдар қала нысандарында өткен жылдан бастап орналастырылып келеді.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.