Қазіргі уақытта Шымкент қаласында тауарларды тасымалдауда ешқандай кедергі жоқ. адамдардың азық-түлік мәселесі кез-келген уақытта да өзекті болып тұра бермек. Оның ішінде әрине бағалардың тұрақтылығы маңызы жоғары. Бүгін қаладағы ірі қоймаларды Шымқала әкімі М.Әйтенов аралап, өз көзімен көріп қайтан болатын.

Әр қалада бағаны тұрақтандыру үшін арнайы қорлардың үлкен көлемде соммалар аударылды. Мысалы, 2020 жылы Шымкентке қордан 1,9 миллиард теңге қарастырылған. Мұрат Дүйсенбекұлы қажет болған жағдайда тағы 800 миллион теңге бөлуге болатынын жеткізді. Тұрақтандыру қорының көлемі 2,2 миллиард теңгені құрап отыр.

Халық тығыз шоғырланған қаланың әкімінің бастамасында азық-түлік бағасын бақылайтын жедел жұмысшы тобы құрылған еді. Әлеуметтік маңызы бар 11 азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін `Gramad Retail` ЖШС-мен келісім-шарт түзілген болатын. Сауда орыны өзінің өкілдіктерінде жыл соңына дейін бағаны тұрақты ұстап тұруға ниетті.

Сондай-ақ, өңірлік азық-түлік тауарлары қорын басқару жөніндегі комиссия шешімімен жалпы көлемі 9 250 тонна /ұн- 6000 тонна, қант-2000 тонна, күнбағыс майы -250 литр, макарон өнімдері- 1000 тонна/тұрақтандыру қорына жалпы көлемі 1,3 миллиард теңге құрайтын тауарларды сатып интервенция жасау туралы шешім қабылданған.

Шаһар басшысы алдымен Шымкенттегі ең ірі «Барыс-2007» ЖШС қоймасына барды. Серіктестік қоймаларында жеткілікті қор бар. Атап айтқанда ұн, Макарон өнімдері, тұз тағы басқа тұтыну тауарлары бар. «Барыс-2007» ЖШС ұннан бірнеше түрлі макарон өнімдерін шығарады. Қазір қазетті шикізаттар бар. Серіктестік қосымша 4 облысқа өнімін жөнелтеді. Тасымалдау темір жол арқылы жүргізіліп жатыр. Еш кедергі жоқ дейді «Барыс-2007» ЖШС бас директоры Айжан Найымбетова. Төрайым оған қоса серіктестіктің өнімдерді бұрынғы бағада босатып жатқанын атап өтті. Орынды ескертулердің бірі: сатуышларды қысыл таяң кезеңде бағаны тым асырмай сатуға шақырып отыр. «Қанағат – қарын тойдырар».

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.