ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейтуді тапсырды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жаңа ақпараттық ағында іске асыру халықпен кедергісіз байланыс құру үшін инновациялық тәсілдің қажеттілігін көрсетеді.

Осыған орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі «Antikor.Live» жобасын іске қосты.

Бұл жоба on-line режимде сыбайлас жемқорлыққа қарсы контентті үнемі жариялауға арналған алаң болып табылады.

Енді әр жұмыс күні сағат 11.00-ден бастап 12.00-ге дейінгі аралықта Департамент  халықпен «тікелей эфирге» шығуда.

Тікелей байланыс Департаменттің Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы жүргізіледі.

«Тікелей эфир» барысында азаматтардың назарына елімізде жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары, жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін сыйақы беру шаралары, хабарлаушыларды қорғау және т.б. тың ақпараттар ұсынылатын болады.

Эфир барысында кез келген желі қолданушысы спикерге Департаменттің қызметіне қатысты сұрақ қойып, өз пікірі мен ұсынысын қалдыра алады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.