Коронавирус инфекциясына байланысты ел аумағында жарияланған төтенше жағдайға орай, Шымкент қаласы тұрғындарын мазалаған мәселелелер бойынша туындаған сауалдарға шұғыл әрі тұщымды жауап беру мақсатында арнайы «Call орталық» жұмысын бастаған болатын.

Орталық мамандары 22 наурыз бен 9 сәуір аралығында қоңырау шалған 8707 азаматқа жауап берсе, 9-19 сәуір аралығындағы он күнде тұрғындар қойған 13253 сауалды тыңдап, нақты жауап берді.

Өз кезегінде орталықтың 39-50-55 нөміріне жалғанған көпканалды телефон тұтқасында отыратын сала мамандары әрбір азаматтың айтқан сауалына байланысты кәсіби көмек көрсетуде.

2020 жылғы 9-19 сәуір аралығында Шымкент қаласындағы «Сall орталыққа» түскен сауалдар:

Кәсіпкерлік және қала ішіндегі қозғалыс туралы– 6536;
• Коммуналдық мәселелер бойынша – 2351;
• Әлеуметтік көмек жайлы – 2310;
• Блок-бекеттер туралы – 1173;
• Жолдардың жабылуы мен тасымалдау бойынша – 719;
• Денсаулык сақтауға қатысты – 119;
• Дезинфекциялау, қашықтан оқыту және т.б. мәселелер жайлы – 45.

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.