Пневмония және ЖРВИ дертіне шалдыққан науқастар емханаларда ем қабылдауда.

Күндізгі станционарда медицина мамандары демалыс күндеріне қарамастан, аптасына жеті күн, таңғы сағат 08:00-ден бастап 20:00-ге дейін жұмыс істеуде. Ал оларға қажетті дәрілер өз уақытында жеткізіліп отыр.

Сонымен қатар қаладағы дәріханалар мен ауруханаларға да дәрі-дәрмекпен қамтылуда.

Айта кетейік, халық денсаулығын нығайту мақсатында пневмания ЖРВИ дертіне шалдыққан науқастарды емдеу үшін мемлекеттік 26 емханада 314 төсек орындық күндізгі стационар ашылды. Бір төсек-орын күніне кемінде 5 адамға қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар. Яғни 1570 тұрғынды ем-дом шараларымен қамтиды. Ол үшін 39 дәрігер 57 медбике қызмет көрсетуде.

Сонымен қатар Еңбекші ауданы әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ халық көп шоғырланатын орындарда індеттің алдын алу шаралары бойынша тексеру жұмыстарын атқарды.Қаулыға сәйкес, әрбір кәсіпорын санитарлық талаптарды сақтап, бекітілген уақытқа сай жұмыс жүргізуі керек. Мамандар әсіресе ірі сауда орындарында, базарлар мен қоғамдық автокөліктерде санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізуде.

Мобильдік топтар тарапынан карантин талаптарын қатаң сақтау жөнінде 38 коммерциялық құрылымдарға тиісті ескерту берілді. Карантин режимін бұзған 2 нысандарға хаттама толтырылып, сотқа 3 материал жолданды.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.