Шымкент қаласында қосымша 3 ПТР зертханасы ашылды. Зерттеу саны тәулігіне 800 тестке дейін жеткізілді.

Бүгінде «ОЛИМП» зертханасының ПТР инсталяциясы жүргізілуде, бұл тестілеу көлемін күніне 1 600-ге дейін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Айта кетерлігі, сәуір-маусым айларында барлығы – 71 548 сынама алынды.Соңғы кезде вирустың белең алуына айланысты қалалық жұқпалы аурулар ауруханасын қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 502 млн.теңге бөлінді.

Инфекциялық және провизорлық стационарлар үшін 21 ӨЖЖ (ИВЛ) аппараттары қосымша сатып алынды.

Сондай-ақ, 10 күннің ішінде 40 ӨЖЖ (ИВЛ) аппараттың жеткізілуі күтілуде. Демеушілер тарапынан 200 Бобров аппараты сатып алынды, қосымша компьютерлік томографтардың жеткізілуі күтілуде.

– Коронавирустың жеңіл формасымен ауырып жатқан науқастарды бақылау үшін модильдік топтар құрылды. Барлық мобильді топтар бөлек көліктермен қамтамасыз етіліп, медициналық персонал басқа функционалдық міндеттерден босатылған.

Шымкент қаласындағы «ХимФарм» кәсіпорны және «Зерде-Фито» фармацептикалық компаниясынан қаладағы дәріханаларға үздіксіз дәрі-дәрмек жеткізу жұмыстары атқарылуда.

Сонымен қатар, медициналық мекемелермен медициналық көмекті өз уақытында көрсетуді қамтамасыз ету үшін Бірыңғай дистрибьютор арқылы 207,1 млн.теңгеге қосымша дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарға тапсырма берілді.

Бүгінгі күнде 76,8 млн.теңгеге тауар жеткізілді.Мониторинг нәтижесі бойынша көптеген дәріханаларда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Тұрғындардың жиі сұранысының көбеюіне орай:- Ыстықты түсіретін дәрілердің (Парацетамол, Эффералган, Панадол, Нурофен, Ибупрофен, Нимесулид) 238 486 қоры бар, оның ішінде дәріхана қоймаларында – 115 389 қорап болса, дәріханаларда – 123 097 қорабы бар.

– Вирусқа қарсы дәрілердің (Ингавирин, Эргоферон, Кагоцел, Арпефлю) қоры 38 187 қорап, оның ішінде – 25 518 қорабы дәріхана қоймаларында, ал дәріханаларда – 12 869 қорабы бар.

– антибиотиктердің саны (Азитромицин, Цефтриаксон, Цефиксим, Амоксициллин, Левофлоксацин) қоры 592 899 қорап, оның ішінде дәріхана қоймаларында

– 502 788 қорап болса, дәріханаларда – 90 101 қорабы бар.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.