Шымкенттік волонтерлар ауыл жастарына арнап work out алаңын тұрғызып берді. Мақтаарал ауданына қарасты Жаңа ауыл ауылдық округінде салынған спорт алаңы, ауылдағы ағайынның салауатты өмір салтын сақтауына жол ашпақ.

Апаттан кейін аудан халқына қуаныш сыйлағысы келген шымкенттік еріктілер спорт алаңын салып берді. Бұл мекен ауыл адамдарының әсіресе, жастардың уақыттарын тиімді пайдалануына таптырмас мүмкіндік болғалы тұр. work out Алаңының ашылуына арнайы келіп қатысқан Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді.

Бейсенбай ТӨРЕБЕКОВ,Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары
Ауыл жастарын салауатты өмірге бастайтын бұл мекенде алғашқы жатттығулар да жасала бастады. Қуаныштары қойындарына сыймаған ауылдағы ағайын өз алғыстарын жеткізді. Ал, аудандық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастыру тобына өздерінің алғыс хаттарын табыстап құрмет көрсетті.
Данияр МЕЙІРБЕКОВ, Шымкент қалалық «Ізгілік жасап жарысайық»қайырымдылық қорының жетекшісі
Алдағы уақытта аудан көлемінде мұндай бірнеше спорт алаңдары ашылады деп жосапарлануда. Игі бастаманы қолға алған жоба жетекшісі мұнымен шектеліп қалмайтындығын жеткізді.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.