Сайлау-2019

2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған кезектен тыс президенттік сайлауға ұсынылған кандидаттардың есімі толықтай белгілі болды. Үміткерлердің еңбек жолдарын қарайтын болсақ, еліміздің саяси-қоғамдық өміріне тікелей қатысы бар азаматтардың ел басқаруға ниетті екендігін көрсетіп отыр. Әрине, елімізде тіркелген барлық дерлік саяси партиялардың өкілдерімен қатар, республика еңбеккерлерінің құқығын қорғайтын Кәсіподақтар федерациясынан, рухани-патриоттық бірлестіктерден кандидаттары да тіркеліп үлгерді.

Сайлауға қатысты Түркістан облысында өткен насихат семинарлар да ұйымдастырылып жатыр. Биылғы сайлауда жабайы жарнама жасауға қатаң бақылау болмақ. Арнайы бағдарламаны кез-келген жерге жабыстыра салуға болмайды. Сонымен қатар, сайлау кезінде кімге дауыс бергенін көрсетіп суретке түсіруге де тиым салынады. Ал, үміткерлерге қатысты ақпараттар азаматтарға тең дәрежеде жеткізіледі. Бұл туралы Түркістанда сайлауды насихаттау бойынша ұйымдастырылған ашық семинарларда айтылған болатын.

Саяси салмағы басым бұл жолғы сайлауда Түркістан облысынан 1 млн 181 684 сайлаушы дауыс беруі керек. Олар үшін, 889 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Ал, азаматтарды сайлауға қатысты ақпаратпен қамту жұмыстары алдағы бір ай көлемінде қарқынды жүргізілмек.

Бейсенбай Тәжібаев –Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы :

«Әр 5 күн сайын облыс тұрғындарын сайлауға қатысуға шақыратын инфобаннерлер даярланып таратылады. Әлеуметтік желілерде де, сайттарда да, газеттерде мүмкіндігінше басып, бөлісіп, таратуға тікелей атсалысқандарыңыз дұрыс. Заңдылыққа сәйкес ақпараттандыру халықты ол ешқандай ақы төлеусіз жүргізіле береді.

Алдағы уақытта жүргізілген талдау көрсеткіштеріне көз жүгірте отырып, облыста 67741 сайлаушының мүмкіндігі шектеулі. Бүгінде ол азаматтардың қайда барып дауыс беретіні, барлығы анықталған. Облыстық сайлау комиссиясы берген ақпарат бойынша бүгінде барлық сайлау учаскелері азаматтар үшін ыңғайлы болып жасақталған.»

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы дерекке сәйкес ҚР Орталық сайлау комиссиясы 11 814 019 дауыс беруге құқығы бар азаматты Қазақстан Республикасының сайлаушылар тізімге енгізген. Яғни, барлық кандидатты қолдау үшін 118 140 сайлаушының түпнұсқалы қолы жиналмақ. Қол жинауды Президенттікке кандидаттардың сенім білдірген адамдары ұйымдастыратын болады. Сенім білдірілген адамдарды тіркеуді, сондай-ақ қолдардың түпнұсқалылығын тексеру рәсімін аумақтық сайлау комиссиялары паспорттық қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып жүргізеді.

Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт жұмыстары тіркеу кезеңі аяқталғаннан кейін, 11 мамыр күні сағат 18-00-ден кейін дереу басталады және дауыс беру күні алдындағы күнгі 00-00 сағатқа дейін, яғни 8 маусым күнгі 00-00-ге дейін жалғасады. Дауыс беру 9 маусымда жергілікті уақыт бойынша 07-00-ден 20-00-ге дейін болады. Дауыс беру аяқталған кезден бастап 12 сағаттан кешіктірмей сайлау учаскелерінде дауыстарды санау жүргізіледі. Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша дауыстарды санау нәтижелері аумақтық комиссиялардың отырыстарында белгіленеді және Орталық сайлау комиссиясын екі күн мерзім ішінде, яғни 11 маусымнан кешіктірілмей жеткізіледі.

Алла бұйыртса, 9 маусым еліміздің тарихи сәті болмақ. Ел Президентімізді анықтаймыз.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.