Түркістан облысының облыс орталығы Түркістан қаласының аумағында әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау және азайту мақсатында қалалық полиция басқармасының қызметкерлері тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп тұрады.

Мәселен, ағымдағы жылдың 8 айында Түркістан полицейлері барлығы 410 қылмысты тіркеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40.6% – ға төмен. Сондай-ақ, аталған кезеңде жергілікті полиция қызметкерлері 42 255 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде учаскелік инспектор 6563 және ювеналды полиция инспекторы 381. Прокуратура және білім беру өкілдерімен бірлесіп ювеналдық полицейлер үш рейдтік іс-шара өткізді, нәтижесінде түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген 352 кәмелетке толмаған және көңіл көтеру орындарында болған 19 жасөспірім анықталды.

Жол қауіпсіздігі бойынша полиция қызметкерлерінің күшімен жол-көлік оқиғаларының саны 7,3% – ға, қаза тапқандардың саны 50% – ға, жол көлік оқиғасынан зардап шеккендердің саны 22,9% – ға төмендеді. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 2076 автокөлік құралы айыппұл тұрағына қамалды.

Бұдан басқа, ЖКО алдын алу және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында Түркістан қаласы аумағында бүгінгі күні Түркістан облысы ПД жедел басқару Орталығына қосылған 56 бейнебақылау және құқық бұзушылықтарды тіркеу камералары жұмыс істейді.

Сондай-ақ, облыс орталығының аумағында тәртіп сақшылары азаматтардың жеке және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол қозғалысы ережелерін сақтауға баса назар аудара отырып, олармен үнемі жол ережелері туралы әңгімелер өткізіп тұрады. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына жол қозғалысы ережелерін сақтау, Әкімшілік құқық бұзушылық жасамау және ҚР заңнамасын бұзбау қажеттігін ескертеді.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.