«Жігіттер» квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов эфирге шығып пәктігін сатқан қызға, желіде шешініп, атын шығарып жатқан қыздарға қатысты өз пікірін білдірген болатын. Әнші өз ойын желідегі парақшасында да жазып кетті.

«Өз ойымға» өз ойым.  Ләйлә ханым да, анау арын 2 млн тг сатқысы келген қарындас та кінәлі емес! Көшеге баласын тастап кеткен қыз да, шарбаққа іліп кеткен де, әжетxанаға тастаған да, қазақтың ұлттық сәукелесімен суретке жалаңаш түскен Шынар да, клубта шешінген Байзақова да, қытайға , қара нәсілдіге тиіп жатқаны да, т.б кінәлі емес. Кінәлі – үйде отырған әкесі, ағасы, інісі, яғни біз еркек тоқтылар кінәліміз. Еще оларға жазылып, лайк басамыз ғой, шіркін. Әйел басқара алмайтын жағдайға жеттік. Сырттан  деп жүргенімізбен ондай емеспіз. Сөзіміз өтпейді. Майдаланып біттік, қысқасы. Эфирде осындай бағдарлама басқарып, жүргізіп жүргендеріне («Қалаулым», «Өз ойым», «Кел келінім») басшылықтағы еркек кінәлі. Өйткені, оны уйде әйелі басқарады. Өз басым, шешендердің қыздарын немесе дағыстандық арулармен жүріп, туғызып тастап кеткен, құлақтан теуіп кеткен қазақ жігітті көрмеппін. Неге? Өйткені еркегі мықты. Жол бермейді. Айғырдың өзі үйріне еге. Біз кімбіз? Ал, неге бізде бәрі болады. Еркектер қайда? Олар өз қарындастарына қиянат жасап әлек болуда. Нәпсінің жетегінде жүр. Омар Жалел ағамыз айтып еді: «Ер» ол – рух, дене – қатын, деп. «Ер» жоқ, қатын көп. Жүрміз дене мүшемізді басқара алмай. Еще, спортқа барсаң «разно-раз» шақыратын ерсіздерді айтсай. Сенімен жаға ұстасқанша абыройымды ұстап қалғым келеді. Қазақ – қазаққа қалай шүйлігеді, не үшін? «Әр қазақ менің жалғызым» деп, Сабыр Адай не үшін ұрандатты? Отанын сүйді, бәрін бауыр, қарындас көрді! Қоғамда мына біздер ерсізден қорқыңдар – Аналар, жеңгелер, қарындастар!  Кешіріңіздер! Еркек болсам да менің де намысы тиіп отыр. Менің де анам, қарындастарым, қыздарым бар. «Біздің елдің жігіттері, жігіттердің сырттаны» едік, ал енді ҚҰРТТАРЫ болдық. Ес жинайық жігіттер! Отан – отбасынан басталады. Егер де, әрбіріміз (еркектер) өз отбасымызға ие боп, қарындастарымызды қорғаштай білсек, қыздарымызға ие болсақ, өзгенің аруларын да өзіміздей көріп, сыйласақ, мұндай xалге бармас едік! Өз қарындасымызға мықтымыз деп ойлаймыз, біреудің қарындасының арымен ойнаймыз, сол сәтте үшінші біреу Сіздің де үйдегі қарлығаштың айылдарын ашып кетуде. Ойланайық. Ащы шындық! Тәртіпсіздер дүремен жазалансын!»-деп жазған.

Дереккөз: Reactor

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.