Түркістан қаласында адам құқығын қорғау жөнінде көптеген жұмыстар атқарылуда.

«Балаңды есіңе ал – алимент төле!» атты акциясы бұрын да өткізіліп тұрды. Аумақтық сот орындаушылар бөлімі-филиалында сол жылдары алимент өндіру туралы мыңдаған атқару құжаттары тіркеген.

Қала прокуратурасымен аумақтық сот орындаушылар бөлімінде көптеген тексерістер жүргізіліп, нәтижесімен жүзге тарта заң бұзушылықтар анықталған. Сондай-ақ, 1 тәртіптік іс өндірісі қозғалып, 1 сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, Түркістан қалалық прокуратурасы ұйымдастырған «Балаңды есіңе ал – алимент төле!» шарасы аясында арнайы бильбордтарға алимент өндіру туралы баннерлер ілініп тұр. Одан бөлек, алимент жөнінде бейнеролик түсіріліп телеарнадан күніне 5 рет көрсетілуде. Түркістан қаласында орналасқан «Қуаныш» орталық базарындағы хабарландыру тақталарына сот ұйғарымымен алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлердің суреттері ілініп, оларды іздеу шаралары жүргізілуде.

Түркістан аумақтық сот орындаушыларымен 86 борышкерге Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеулер қойылған болатын. Сондай-ақ, қала прокуратурасы Түркістан аумақтық сот орындаушылар бөліміне Түркістан қалалық сотына Заңның 34-бабы 1-бөлімінің 3-тармағына сәйкес алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша берешек жиналып қалған жағдайда борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу туралы ұсыныс жолданып, Түркістан қалалық сотының ұйғарымымен қалалық салық басқармасына, Түркістан қалалық әділет басқармасына, Түркістан ауданаралық емтихан қабылдау және тіркеу жұмысы бөліміне және басқа да тиісті мекемелерге жолданды. Алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерге қатысты қала прокуратурасының бастамасымен бейнеролик түсіріліп, жергілікті телеарнадан көрсетілді. Бұдан бөлек, алимент өндіру мақсатында рейдттік шаралар жүргізіліп, нәтижесінде 2 борышкер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Адам құқығын қорғау заңгерлердің басты міндеті. Ол мейлі адвокат болсын, прокурор, полицей қызметкерлері, тіпті сот болса да адам құқығы мен бас бостандығының жауапкершілігі заң органдарының мойнында. Қазіргі уақытта шыны керек айналамызда жан түршігерлік қылмыстардың саны көбейіп кетті, қай кезде болмасын теледидарды, телефонды аша қалсаң екі жаңалықтың біреуі қылмыс. Адам өлтіру, ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық. Ер адамдардың өз әйелін өлтіруі, ұруы, әйелдердің баласын тастап кетуі, одан бөлек қазір жастардың арасындағы қылмыс жасау кеңінен белең алып кетті. Өмірге көз – қарастары толық қалыптаспаған жастардың арасында қылмыстың жасалуы шыны керек жиі кездеседі. Адам баласын қылмыс жасауға криминалдық немесе зорлық-зомбылық көріп өскен ортада өмір сүруі де ықпал ететіні анық.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің деректері бойынша 2020 жылдың 1-тоқсанында 54 990 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Соңғы деректер 2020 жыл бойынша қорытындыланған. Бірақ осы жақын аралықтарда да жасалған қылмыстардың саны да аз емес. Келесі статистиканың қандай болып шығарына ешкім кепілдік бере алмайды.

Жалпы елімізде қылмыстық ахуалдарға жауап беретін арнайы органдар жұмыс жасайды. Еліміздің азаматы ретінде жеке басыңыздың құқығын қорғау мақсатында кез – келген уақытта заң органдарына жүгіне аласыз. Әсіресе қазіргі уақытта заң саласындағы адвокатура үлкен бір бизнестің бастауы болып кеткендей. Өйткені жоғары білімі бар кез – келген заңгер өз адвокатура кеңсесін ашып алуға мүмкіндігі бар. Қазір ондай кеңселер көп деп айтуға болады. Бірақ нарықтағы бәсекелестікте тек ең мықтылары қалады.

Адвокатура, адвокат деген не дегенде ең бірінші не ойлайсыз? Күмәндіні қорғау ма мүмкін сотта жеңіп шығуды көздеу шығар.  Бірақ заң тұрғысынан адвокатура деген – Елімізде адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сот арқылы қорғауға және заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Еліміздің Конституциясында бекітілген құқықтарын іске асыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге арналған. Ал, адвокат деген – жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы адвокат болып табылады.

Жалпы адвокаттық жұмыстың қыр-сырымен тереңірек танысу мақсатында осы салада білім алып жатқан болашақ маманмен біраз әңгіме өрбіттік. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінің 3-курс студенті Асылайым Ғалымжанқызы адвокаттықты заң саласындағы ең қиын жұмыстардың бірі деп санайды.

Қазақстанда алиментті төлеу тәртібі өзгерді. Енді жеке сот орындаушылары мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану мерзімін ұзарта алмайды, алименттерді бірінші кезекте өндіріп алады. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді.

Биылғы 27 маусымда Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

«Қабылданған түзетулермен жеке сот орындаушыларының алименттерді, жалақыны, зейнетақыларды, жәрдемақыларды өндіріп алу туралы, азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы атқарушылық құжаттарды орындауының басымдығы бекітілді», – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Бұрын кейбір жеке сот орындаушылар, оларды аса қызықтырмағандықтан мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану мерзімін созатын жағдайлар болатыны аталған.

«Енді мұндай іс жүргізу бойынша бір ай ішінде мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдамауы жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға арналған лицензиядан айыруға әкеп соғуы мүмкін. Бұдан басқа, мемлекеттік еңбек инспекторының жалақыны төлеу туралы ұйғарымына атқарушылық құжат мәртебесі беріледі. Бұл шара құқықтарын жұмыс беруші бұзған азаматтарға жалақыны өндіріп алу мәселелерін тез шешуге, сотқа жұмсалатын уақыты мен сот шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Заң алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енді.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.