Түркістан қаласында әскери кәсіп пен әскери қызметтің қоғамда беделін арттыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда.

Батальон командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары бейбіт және соғыс уақытында тікелей бағынысты бөлімшелер мен қызметтердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне, жеке құрамды жауынгерлік және жұмылдыра даярлауға, әскери тәрбиесіне, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйіне, өртке қарсы қорғанысқа және құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға, бағынысты қызметтер бойынша бөлімшелерді материалдық және техникалық қамтамасыз етуге, бағынысты қызметтер бойынша қару-жарақ пен әскери техниканың, бақылау-өлшеу аспаптарының техникалық жай-күйіне және онымен жабдықтауға және жауынгерлік қолдануға олардың әзірлігіне, дұрыс пайдалануға, эвакуациялауға және жөндеуге, қарудың, оқ-дәрілердің, әскери-техникалық мүліктің сақталуына, материалдық, техникалық құралдардың, зымырандардың, оқ-дәрілердің барлық түрлерін және суды әкелуге, бағынысты қоймалардың жай-күйіне; жеке құрамға сауда-тұрмыстық қызмет көрсетуге, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық түрлерімен қамтамасыз етуге; әскерлерді орналастыруға және қызметтік-тұрғын үй қорын ұстауға міндетті.

Бағынысты қызметтер бойынша техникалық бекіністердегі құрылыстардың, қоймалардың, парктердің (ұшақтар, тікұшақтар тұрақтарының) жай-күйіне, оларда ішкі қызметті ұйымдастыруға және жай-күйіне, қару-жарақпен және әскери техникамен, техникалық күзет құралдарымен, өрт сөндіру және басқа да аспаптармен, оқ-дәрілермен, әскери-техникалық мүлікпен (авиациялық бөлімдерден басқа) жабдықтауға, метрологиялық қамтамасыз етуге, батальонның бағынысты қызметтері мен бөлімшелері бойынша есепке алудың және есептіліктің жай-күйіне, батальонның жеке құрамын техникалық даярлауға, сондай-ақ техникалық және тылдық мамандықтар мамандарын даярлауға, батальон объектілерін диверсияға қарсы жабдықтауға; қоршаған ортаны қорғау қағидаларын сақтауға, тыл және қару-жарақ объектілерінде ішкі қызметті ұйымдастыруға және жай-күйіне жауап береді.

Ол батальон командиріне бағынады және батальон командирінің орынбасарларын қоспағанда, батальон жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

Батальон командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары өз мамандығы бойынша жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі іс-шараларын жоспарлауға және жүргізуге қатысуға, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы жоспарларының тиісті бөлімдерін әзірлеуге және олардың орындалуын ұйымдастыруға, оған бағынысты бөлімшелер мен қызметтерді жауынгерлік және жұмылдыра даярлауға және олардың қызметіне басшылық жасауға, батальон командирі орынбасарларының, қызметтері бастықтарының қатысуымен жылдық шаруашылық жоспарын, экономикалық жұмыс жоспарын, материалдық, техникалық құралдарды, зымырандар мен оқ-дәрілерді әкелу жоспарларын, басқа да жұмыс жоспарларын әзірлеуге; техниканы пайдалану және жөндеу жөніндегі іс-шараларға, осы жоспарлардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға, батальонды техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға және оған басшылық жасауға; жетіспейтін қару-жарақ пен әскери техниканы, қосалқы бөлшектерді, парктік жабдықты, аспаптарды, техникалық күзет және өрт сөндіру құралдарын, қызмет көрсету құралдарын, басқа да әскери-техникалық мүлікті және ақшалай қаражатты уақтылы талап етуге; оларды батальон бөлімшесіне қабылдауды, сақтауды, беруді, объектілерді жарақтандыруды, оларды мақсатты, тиімді және дұрыс пайдалануды ұйымдастыруға; материалдық құралдарды жоғалтуды, жетіспеуін, бүлдіру мен ұрлауды болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

Батальонды метрологиялық қамтамасыз ету іс-шараларын уақтылы жүргізуді ұйымдастыруға, бағынысты қызметтер бойынша батальон қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты және оларды уақтылы игеруді жоспарлауға қатысуға, оған тікелей бағынысты бөлімшелер мен қызметтер келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, әкесінің атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге, олармен әскери тәрбиелеуді және кәсіби даярлауды жетілдіру жөніндегі жұмысты ұдайы жүргізуге, қару-жарақ пен әскери техниканың ұдайы ақаусыздығын қамтамасыз ете отырып, оларды пайдалануды, эвакуациялау мен жөндеуді ұйымдастыруға; бөлімшелерде қару-жарақ пен әскери техникаға, зымырандар мен оқ-дәрілерге регламенттік жұмыстар жүргізуді және техникалық қызмет көрсету жоспарларын сапалы орындауды, сондай-ақ оларды жөндеуге уақтылы жөнелтуді бақылауға, бағынысты қызметтер бойынша бөлімшелерді материалдық құралдармен уақтылы қамтамасыз етуді, жабдықталым органдарынан мүліктің, материалдық құралдардың қажетті мөлшерін талап етуді және өтінімдер бойынша оларды алуды, сақтауды, батальон бөлімшелеріне беруді қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, меншік нысанына қарамастан, сауда-тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары арқылы батальонға сауда-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға және бақылауға, қызмет көрсететін кәсіпорындарда конкурстық өтінімдер мен шарттарға сәйкес тауарлардың тиісті түрлерінің бар болуына бақылауды жүзеге асыруға, батальон асханаларында жеке құрамның сапалы тамақтануын, әрбір әскери қызметшіге және қызметтік жануарларға тиесілі жабдықталым нормаларын жеткізуді, сондай-ақ жауынгерлік кезекшілікте, жауынгерлік қызметте, тәуліктік нарядта және оқу-жаттығуларда болатын әскери қызметшілердің тамақтануын ұйымдастыруға және бақылауға міндетті.

Тағамды дайындау үшін азық-түліктің тарату мәзірін жасауға басшылық жасауға және оны бригада командиріне бекітуге ұсынуға, айына бір реттен жиі емес аспаздарға бақылау-көрсету тамақ пісірулерін өткізуге, картопты, көкөністерді, отынды дайындауды уақтылы жүргізуді ұйымдастыруға және бақылауға және оларды қоймаларға салып қоюды ұйымдастыруға, оларды сақтауды қамтамасыз етуге, әкелінетін азық-түліктің сапасына бақылауды жүзеге асыруға, бөлімшелерге материалдық құралдардың барлық түрлерін әкелуді, сумен жабдықтауды, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыруды ұйымдастыруға, жеке құрамның қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану, эвакуациялау және жөндеу қағидаларын білуін жүйелі түрде тексеруге, техникалық және тылдық қамтамасыз етуді, әскери шаруашылық жүргізуді ұйымдастыру бойынша офицерлермен, сержанттармен сабақтар өткізуге, мамандығы бойынша әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыру мен аттестаттауға қатысуға; жоғары лауазымдарға жоғарылату, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру және әскери оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге, жылына үш реттен жиі емес қоймалардағы және батальон бөлімшелеріндегі барлық қару-жарақ пен әскери техниканың, басқа да материалдық құралдардың техникалық жай-күйін тексеруге және жылына екі рет атыс қаруына тексеруді ұйымдастыруға, бұл ретте тексерулер нәтижелерін бригада бойынша актілерде және бұйрықтарда сипаттауға міндетті.

Жыл сайын бағынысты қызметтер бойынша барлық мүлік пен техникаға түгендеу жүргізуді ұйымдастыруға, бағынысты қызметтерді тексеру жөніндегі комиссия жұмысын уақтылы ұйымдастыруға және бақылауға, жұмыс басталар алдында олардың мүшелеріне нұсқау беру сабақтарын өткізуге, өз мамандығы бойынша батальондағы наразылық шағымдану жұмысына басшылық жасауға, белгіленген есепке алу мен есептілікті жүргізуді, жоғары тұрған штабтарға және жабдықталым органдарына жеткізілімдер мен есеп берулерді ұсынуды ұйымдастыруға және бақылауға, роталар старшиналарының міндеттерді орындауын ұйымдастыруға және бақылауға, бөлімшелерде жанармай, жағармай материалдарын және арнайы сұйықтықтарды (мұнай және синтетикалық негізде қоспа қосумен өңделетін, агрессивтік өрісті бөлу, қозғалтқыштарды және жанасатын бөлшектерді суыту, сыртқы қабатына мұз қатудан және отында мұз кристалдарының түзілуінен сақтандыру үшін әскери техниканың гидравликалық берілісінде, гидрокүшейткіштерінде, амортизаторларында қолданылатын сұйықтықтардың) дұрыс қолдануға және үнемді жұмсауға бақылауды жүзеге асыруға; паспорттардың тиісті бөлімдерінде алдын ала жазба жасай отырып, бөлімшелерде жанармай, жағармай материалдарын және арнайы сұйықтықтарды пайдалануға рұқсат етуге, ай сайын батальон командиріне оқ-дәрілер мен моторесурстар шығысының лимитін пайдалану нәтижелері туралы баяндауға міндетті.

Батальон командиріне бөлімшелер арасында қызметтік тұрғын үй қорын бөлу жөнінде ұсыныстар беруге, батальондағы барлық тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды, су құбыры-кәріз, жылу желілерін және құрылыстарды, казармалық мүкәммал мен жиһазды, кіреберіс автомобиль жолдарын, техникалық күзет құралдарын және өртке қарсы қорғанысты дұрыс пайдалануды және уақтылы жөндеуді ұйымдастыруға; қызметтік тұрғын үй қорын қысқа алдын ала дайындауға, сондай-ақ пәтерлерге орналастыру үшін бөлінген аумақты көгалдандыруға және күтіп-ұстауға, батальон объектілерін өрт сөндіру және күзет дабылдамасы құралдарымен жарақтандыруға; үш айда бір реттен жиі емес батальонның өртке қарсы қорғанысын ұйымдастыруды және жай-күйін тексеруге және оқу-жаттығу өрт сөндіру жаттықтыруларын өткізуге, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және орындалуын тексеруге, батальон барлық жеке құрамының қоршаған ортаны күзету және қорғау қағидаларын орындауын бақылауға, жеке құрамның сыртқы келбеті туралы ұдайы қамқорлық жасауға, киім-кешекті уақтылы беруді, оны шақтап пішуді және жөндеуді ұйымдастыруға, әскери киім нысанын кию қағидаларын сақтауды талап етуге, батальон бөлімшелеріне монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыруға міндетті.

Батальонда медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, белгіленген мерзімдерде бағынысты қызметтер бойынша материалдық құралдарды тексеруді және түгендеу жүргізуді ұйымдастыруға, батальон жеке құрамын техникалық даярлауға басшылық жасауға; қару-жарақ пен әскери техниканы, оқ-дәрілерді зерделеу бойынша сабақтар өткізуге, техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ техникалық мамандықтардың сыныптық мамандарын даярлау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, роталар (батареялар) техниктерінің міндеттерді орындауын ұйымдастыруға және бақылауға, механик-жүргізушілерді (жүргізушілерді) даярлауды бақылауға, техникалық бекіністердегі арнайы құрылыстарды, парктердің элементтерін жабдықтау, оларды табиғатты қорғау құрылыстарымен жарақтандыру, өртке қарсы және құтқару іс-шараларын орындау жөніндегі жұмыстарға басшылық жасауға, парктерде ішкі қызметті өткеруді ұйымдастыруға және бақылауға, бақылау-техникалық пункт бастығының жұмысына басшылық жасауға, нарядқа түсер алдында парк бойынша кезекшіге, рейске шығар алдында механик-жүргізушілерге (жүргізушілерге), асханалар, қойма аймағы бойынша кезекшілерге нұсқаулар беруге немесе осы үшін тиісті лауазымды адамдарды тағайындауға міндетті.

Аптасына бір реттен жиі емес тәуліктік нарядты даярлауды және олардың қызмет өткеруін, сондай-ақ бағынысты бөлімшелер мен қызметтерде жарғылық ішкі тәртіптің сақталуын жеке өзі тексеруге, жеткізетін автомобиль көлігінің жұмысын жоспарлауға және оны дұрыс және тиімді пайдалануға бақылауды жүзеге асыруға, теміржол (әуе, теңіз, өзен) көлігімен келген материалдық құралдарды уақтылы түсіруді және әкетуді қамтамасыз етуге, батальонның техникалық даярлық және тыл жөніндегі, бағынысты қоймалардың, асханалардың оқу-жаттығу жаттықтыру құралдарын жабдықтау, жөндеу және қызмет көрсету, сондай-ақ оқу материалдық-техникалық базаны жетілдіру және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарға басшылық жасауға, батальон бөлімшелерінің жөндеу жұмыстарын жоспарлауға, бір айға арналған өндірістік жоспар-тапсырманы жеке өзі жасауға, қару-жарақ пен әскери техниканы, зымырандарды, оқ-дәрілер мен аспаптарды дайындау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүргізуге, қару-жарақ пен әскери техника, аспаптар, техникалық күзет мен өрт сөндіру құралдары апаттарының, аварияларының, сынып қалуының, ақаулықтары мен зақымдануларының себептерін талдауға, олардан сақтандыру және жою жөнінде пәрменді шаралар қабылдауға, батальон қару-жарағы мен әскери техникасының құрылымын және дұрыс пайдалануды, олардың бар болуын және техникалық жай-күйін білуге міндетті.

Бір жылға арналған күрделі жөндеу және күрделі құрылыс жүргізуге бекітілген титулға және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындар орындайтын жөндеу-құрылыс жұмыстарын жасау сапасына бақылауды жүзеге асыруға, батальон асханаларын жабдықтау, ағымдағы жөндеу, көркейту (меншік нысанына қарамастан), бағынысты қызметтер бойынша қоймалар мен басқа да объектілерді жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға, жөндеу-құрылыс және шаруашылық жұмыстарын орындау кезінде және бағынысты қызметтер бойынша техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуге, белгіленген есепке алу мен есептілікті уақтылы жүргізуді, жоғары тұрған штабтарға және жабдықталым органдарына жеткізілімдер мен есеп берулерді ұсынуды ұйымдастыруға және бақылауға, батальон инфрақұрылымына қызмет көрсетумен айналысатын азаматтық персоналдың жұмысын бақылауға міндетті.

Батальон командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары әскери шаруашылықты негізгі ұйымдастырушы болып табылады. Оның жалпы шаруашылық қызметті жоспарлау, материалдық құралдарды жеткізу, сауда-тұрмыстық қызмет көрсету, пәтер-пайдалану қамтамасыз ету мәселелері (әскерлерді (күштерді) орналастырудың қалыпты жағдайын жасау және оларды пәтер мүлкінің барлық түрлерімен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылатын және жүргізілетін іс-шаралар) жөніндегі нұсқаулары өз құзыреті шегінде барлық әскер тектерінің, қызметтердің бастықтары және батальон бөлімшелерінің командирлері үшін міндетті.

Батальон командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарының өртке қарсы қорғаныс мәселелері жөніндегі нұсқаулары бригаданың барлық жеке құрамы үшін міндетті.

Батальон командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары бейбіт және соғыс уақытында тікелей бағынысты бөлімшелердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне, жеке құрамды жауынгерлік және жұмылдыра даярлауға, әскери тәрбиесіне, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйіне, өртке қарсы қорғанысқа және құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға, бөлімшелерді материалдық және техникалық қамтамасыз етуге, қару-жарақ пен әскери техниканың, бақылау-өлшеу аспаптарының техникалық жай-күйіне және жабдықталуына және олардың жауынгерлік қолдануға әзірлігін, дұрыс пайдалануға, эвакуациялауға және жөндеуге береді.

Қарудың, оқ-дәрілердің, әскери-техникалық мүліктің сақталуына, материалдық, техникалық құралдардың, зымырандардың, оқ-дәрілердің барлық түрлерін және суды әкелуге, жеке құрамды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық түрлерімен қамтамасыз етуге, әскерлерді орналастыруға және қызметтік-тұрғын үй қорын ұстауға, есепке алу мен есептіліктің жай-күйіне, батальонның жеке құрамын техникалық даярлауға, сондай-ақ техникалық және тылдық мамандықтар мамандарын даярлауға, бөлімшелерде қоршаған ортаны қорғау, ішкі қызметті ұйымдастыру және жай-күйі қағидаларын сақтауға жауап береді.

Ол батальон командиріне бағынады және батальонның барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

Батальон командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары, жылдық шаруашылық жоспарының, экономикалық жұмыс жоспарының, материалдық, техникалық құралдарды, зымырандар мен оқ-дәрілерді жеткізу жоспарының, басқа жұмыстар жоспарларының; техниканы пайдалану және жөндеу жөніндегі іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға, батальонды техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға және басшылық жасауға; жетіспейтін қару-жарақ пен әскери техниканы, қосалқы бөлшектерді, парктік жабдықты, аспаптарды, техникалық күзет және өрт сөндіру құралдарын, қызмет көрсету құралдарын, басқа да әскери-техникалық мүлікті уақтылы талап етуге, оларды алуды, сақтауды, батальон бөлімшелеріне беруді, объектілерді жарақтандыруды, оларды мақсатты, тиімді және дұрыс пайдалануды ұйымдастыруға; материалдық құралдарды жоғалтуды, жетіспеуін, бүлдіруді және ұрлауды болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

Олардың ақаусыздығын қамтамасыз ете отырып, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануды, эвакуациялауды және жөндеуді ұйымдастыруға, бөлімшелерде қару-жарақ пен әскери техникаға, зымырандар мен оқ-дәрілерге регламенттік жұмыстарды жүргізу және техникалық қызмет көрсету жоспарларын сапалы орындауды, сондай-ақ оларды жөндеуге уақтылы жөнелтуді бақылауға, материалдық құралдарды, мүліктің қажетті санын уақтылы алуды және өтінімдерге сәйкес оларды алуды, сақтауды, батальон бөлімшелеріне беруді қамтамасыз етуге, батальон асханаларында жеке құрамды тамақтандыру сапасын, әрбір әскери қызметшіге және қызметтік жануарларға тиесілі жабдықталым нормаларын және материалдық құралдарды жеткізуді, сондай-ақ жауынгерлік кезекшілікте, жауынгерлік қызметте, тәуліктік нарядта және оқу-жаттығуларда болатын әскери қызметшілерді тамақтандыруды бақылауға, жеке құрамның қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану, эвакуациялау және жөндеу қағидаларын білуін жүйелі түрде тексеруге, офицерлермен, сержанттармен техникалық және тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, әскери шаруашылықты жүргізу бойынша сабақтар өткізуге, мамандығы бойынша жоғары лауазымдарға жоғарылату, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру және әскери оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыруға міндетті. Жылына үш реттен жиі емес батальон бөлімшелеріндегі барлық қару-жарақ пен әскери техниканың, басқа да материалдық құралдардың техникалық жай-күйін тексеруге және жылына үш рет атыс қаруына тексеруді ұйымдастыруға, бұл ретте тексерулер нәтижелерін бригада бойынша актілерде сипаттауға, жыл сайын барлық мүлік пен техникаға түгендеу жүргізуді ұйымдастыруға, белгіленген есепке алу мен есептілікті жүргізуді ұйымдастыруға және бақылауға, роталар старшиналарының міндеттерді орындауын ұйымдастыруға және бақылауға, бөлімшелерде жанармай, жағармай материалдарын және арнайы сұйықтықтарды дұрыс қолдануға және үнемді жұмсауға бақылауды жүзеге асыруға, паспорттардың тиісті бөлімдерінде алдын ала жазба жасай отырып, бөлімшелерде жанармай, жағармай материалдарын және арнайы сұйықтықтарды пайдалануға рұқсат етуге, ай сайын батальон командиріне оқ-дәрілер мен моторесурстар шығысының лимитін пайдалану нәтижелері туралы баяндауға, жеке құрамның сыртқы келбеті туралы ұдайы қамқорлық жасауға, киім-кешекті уақтылы беруді, оны шақтап пішуді және жөндеуді ұйымдастыруға, әскери киім нысанын кию қағидаларын сақтауды талап етуге, батальон бөлімшелеріне монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыруға міндетті.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.