Шымкентте Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй кезегіндегі 98 отбасы арендалық баспанамен қамтылды.

Оның ішінде 74 пәтер көпбалалы отбасыларға, 24 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы азаматтарға берілді. Жаңа баспаналар Нұрсәт және Шымсити шағын аудандарында орналасқан.

Айта кетейік, жыл соңына дейін Шымкентте 2833 азаматты баспанамен қамту жоспарланған. Тұрғын үй кезегіне санаттар бойынша тіркелген азаматтарға 324 пәтер, жастарға – 888 пәтер, несиелік бағытта 1621 пәтер беру көзделуде.
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.