Шымкент қаласының тұрғындарына жылу энергиясын беру тарифі 41,35% төмендетілді.

Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері мәлімдеді.
Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен бірлесіп, Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының “Қуатжылуорталық-3” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның жылу энергиясын беру тарифіне талдау жүргізді.
Ведомство мәліметінше, 2020-2022 жылдары Шымкент қаласының әкімдігімен “Қуатжылуорталық-3” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның жылу энергиясын өндіру және беру қызметінің шығындарын жабу үшін жалпы сомасы 2 миллиард 356 миллион теңге субсидия бөлінгенін, аталған қаржы “Қуатжылуорталық-3” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын тарифінің шығындарында ескерілмегені анықталған.
Осыдан кейін “Қуатжылуорталық-3” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның 2023 жылдан бастап жылу энергиясын берудің жаңа тарифі бекітілді. Нәтижесінде барлық топтағы тұтынушыларға жылу энергиясын беру тарифі 41,35% төмендеді. Яғни жылу энергиясын беру тарифі 10 420,89 теңгеден 6577,70 теңгеге төмендетілді”, – делінген басқарма таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, төмендетілген тариф 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді және 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданыста болады.
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.