Қазақ халқы қара күшті батырлардың ұрпағы екенін ұмытпауы керек. Алласын білген батыр бабаларымыздың арқасында талай шапқыншылық шайқастардан аман өттік. Батыр бабаларымыздың бойындағы дінге деген беріктігін, сөзінен айнымайтындығын, мәрттігін мақтанышпен айтуға болады. Сол батыр бабаларымыздың арасында тайқазанды көтергендер де көп болған екен. Ежелде ел арасында тайқазан көтеруші батырларға өзгермейтін ауыр шарттар қойылған.

Көтеруге ниеттенген батыр тайқазанды орнынан бір қарыс көтерсе, оған бір үйір жылқы төленіп және атақ пен шен берілген. Егер батыр көтере алмай қалса, өзі жиырма үйірдің айыбын төлеу керек болған. Ал, қазанды жазатайым көтеремін деп бүлдіріп немесе сындырып алатын болса, куәгерлердің көзінше дүре ұрғызылып, өлім жазасына кесілетін болған. Ықылас білдірген батыр бабаларымыз Алланың арқасында барлығы сүрінбей өткен.

Қара күштің иесі Әз-Хайдар Хабас палуан тайқазанды алғашқы көтерген кісі болған. Бұл кісіден кейін 16 палуан тайқазанды көтеріп, сынннан сүрінбей өткен. 18-ші болған Әз-Ғар-аб Алатау Қызыл табан шөлден елге аман келіп, әруақтарға сыйынып, Түркістанға барып тайқазанды көтеруге ықыластанады. Үлкендердің батасын алып, ертесіне жиналған көпшілік халықтың алдында тайқазанды көтеріп, мақсатына жеткен екен. Даңқы асқақтап тұрған сол кезде 27 жасар батыр бабамыз, алған сыйлықтарын халыққа таратып береді. Деректерге сенсек Алатау батыр бабамыз кейін тайқазанды 13 рет көтерген екен.     

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.