Шымкент қаласында 22 елді мекен жарықсыз қалды.

Бұл туралы Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы мәлімдеді.

Қала аумағында 3 қаңтар күні сағат 13:00- ден бастап, ауа райының қолайсыздығы салдарынан барлығы 44 апатты жағдай орын алған. Нәтижесінде 22 елді мекенде электр қуаты сөнді.

Басқарма мәліметінше, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС апатты жою бригадасымен ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп 18 елді мекенге электр қуаты қайта берілген.

«Аталған жұмыстарға «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің жалпы 100 адамнан құралған 20 апатты жою бригадасы, 3 арнайы техника, 1 лабаратория жұмылдырылды. Апатты жою уақыты 30 минут – 15 сағат аралығында«, – делінген жазбада

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.