Шымкент қаласы аумағына қарасты 5 ауданда қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әкімдік мәліметінше, қаланы қардан тазалау жұмыстарына 162 техника жұмылдырылған.
«Атап айтқанда, Әл-Фараби ауданы – 39 техника, Тұран ауданы – 29 техника, Абай ауданы – 30 техника, Қаратау ауданы – 34 техника, Еңбекші ауданы – 30 техника жұмыс атқаруда», – делінген әкімдік ақпаратында.
«Сонымен қатар, қала аумағында жалпы саны 1140 қызметкер жұмыс жасап жатыр және қосымша 125 техника жұмылдырылды» деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.