Сауран ауданының әкімі тұрғындармен кездесті.

 

Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев 2022 жылы атқарылған жұмыстар мен 2023 жылы жүзеге асырылатын жұмыс жоспарларына сәйкес, Ескі Иқан және Жаңа Иқан ауылдық округі ауылдық округтарының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде аудан әкімі 2023 жылы аудан көлемінде атқарылатын жұмыстарды түсіндіре келе, коммуналдық салаға кеңінен тоқталды. Соның ішінде ауызсу, табиғи газ, электр қуатымен қамтамасыз ету және жол, көгалдандыру саласына тоқталды. Сонымен қатар, кәсіпкерлерік және туризм, әлеуметтік, білім, денсаулық салалары бойынша биыл жүзеге асыралатын жұмыстарды баяндады.

Жиын барысында ауыл тұрғындары ауылдық округтегі ағын су тапшылығы, газ, су, мақта, туризм саласын дамыту және көшелерді абаттандыру бағытында көптеген мәселелер көтерді.

Кездесу соңында Ұлы Отан соғысының ардагері Закир Мұсаев ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды оң бағалап, алдағы атқарылатын жұмыстарға сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.