Түркістан облысының оқушылары робот құрастырудан бірінші орынға ие болды.

 

Алматы облысы, Қаскелең қаласындағы Сүлеймен Демирел университетінде республикалық робот фестивалі өтті. Білімділер сайысында Түркістан облысы, Төлеби ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының оқушыларынан құралған «TeenLights» командасы Robot Design бағыты бойынша жүлделі бірінші орынға ие болды.

Дарынды оқушылар Астана қаласында өтетін «First Kazakhstan – 2023» робот құрастырушылар сайысына жолдама алды. Мұнда жеңіске жеткендер Қазақстан ұлттық құрамасына қабылданып, халықаралық сындарға қатысады.

Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларынан құралған «Teen Lights» командасын сайысқа білікті жетекші Сәкен Далмырзаев бастап барды.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.