Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында мемлекеттен қайтарымсыз грант алған кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

«Business Plas» көбік түйіршікті полистирол өндіру цехының иелері осыдан екі жыл бұрын 5 млн теңгенің грантын ұтып, қаржыға арнайы қондырғылар сатып алған.

Мемлекеттің қолдауымен өндірісін ұлғайтқан кәсіпорын жылына 10 мың текше метр полистирол шығарып, ішкі нарыққа сатуда. Отандық өнім көлемін арттыруға ниетті кәсіпкерлер бизнесті кеңейту үшін өндіріске қажетті қосымша жер қарастыруды сұрады.

Осы орайда кәсіпкерлікті жан-жақты қолдауға дайын екенін жеткізген қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға кәсіпкерлерге өндірсті кеңейту және цех ашу үшін «Жұлдыз» индустриалды аймағынан жер телімін бөлуді тапсырды.

Осы күні қала әкімі мемлекеттік қолдау арқылы өз кәсібін ашып, мемлекеттің қайтармысыз грантын алған, бүгінде оқу-әдістемелік құралдарын шығарумен айналысатын «Automations» цехымен де танысты.

Мемлекеттен алған 3 млн теңге қайтарымсыз гранттқа қажетті құрал-жабдықтарын сатып алған. Қазір дуальды оқыту бағдарламасы аясында өз өнімдерін Шымкент қаласы мен көрші облыстардағы колледждер мен білім беру мекемелеріне сатуда.

Кәсіпкерлер алдағы уақытта өндірісін кеңейтіп, қала мектептерін толықтай отандық әдістемелік құрылғылармен қамтуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Ал, қала әкімі осы сәтте кәсіпкерлердің тиімді жобаларына жан-жақты қолдау көрсетілетінін және бизнеске қолайлы жағдай жасау қала әкімдігінің басты назарында тұрғанын жеткізіп, қалалық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасына бизнесті дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.