Шымкентте соңғы жылдарда мемлекеттік бағдарлама есебінен көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Бұл туралы Ақпарттық-коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қаласының бас құрылысшысы, құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Сансызбайұлы айтып өтті.

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында 2023 жылы құрылыс басқармасы тарапынан мемлекеттік бюджет 312,4 мың шаршы метрді құрайтын 4 090 пәтерлі 98 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Осы ретте биыл 67 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып жыл соңына дейін ел игілігіне пайдалануға беріледі. Оның 61-і кредиттік, 6-ы арендалық, – деді Шымкент қаласының бас құрылысшысы, құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Сансызбайұлы .

Соғылып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы бойынша Тұран ықшам ауданында 18 үй, Бозарық мөлтек ауданында 54 үй, Ақжайық мөлтек ауданында 26 үй.

Сонымен қатар, Шымкентте биыл 18 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысын жүргізу жоспарланған.

2023 жылы қала аумағында 18 инженерлік инфрақұрылым нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. 2022 жылдан өтпелі 12 нысан, 2023 жылғы жаңа 6 нысан. Жыл қорытындысымен аталған 18 нысанның 13-і тапсырылады.

Әкімшілік-іскерлік орталығы – төрт нысан 8 мыңға жуық тұрғынды қамту, Тұран шағын ауданында – төрт нысан 20 мыңға жуық тұрғынды қамту, Бозарық шағын ауданында – бес нысан 16 мыңға жуық тұрғынды инженерлік инфрақұрылыммен қамту жоспарда. Ал қалған 5 нысан (Бозарық ш/а – 4 нысан, Ақжайық ш/а – 1 нысан) 2024 жылға өтпелі

Бұдан бөлек, жыл қорытындысымен жұмыс жасайтын жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеумкеттік осал топтарына 505 пәтерді нарықтан сатып алу жоспарда бар. Демек, бұл жастарға берілетін пәтерлер жеке құрылыс компанияларынан алынады.

Шымкент қаласының Ақпарттық-коммуникациялық орталығы

 

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.