«Ырыс» микроқаржы ұйымы» ЖШС-гі 2017 жылы, «ЖАС КӘСІПКЕР» бағдарламасын өңірімізде алғашқылардың қатарында жүзеге асырды. Бұл бағдарлама бойынша микроқаржы ұйымы қаржыландыруын тоқтатпауда.  Жеңілдетілген бағдарлама аясында Түркістан облысының жастары қазіргі таңда өз кәсібін ашып, шаруаларын дөңгелетіп жүр.

Қазіргі таңда, «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында Түркістан облысы бойынша он жас кәсіпкер жеңілдетілген несие алып, өз кәсіптерін ашып үлгерді. 2019 жылы «Жас кәсіпкер» бағдарламасы тағы да жалғасып, жылдық мөлшерлемесі бір пайызды құраса, жеңілдетілген мерзім алты айдан, тоғыз айға ұзартылды! Кепілсіз! 2 миллион теңгеге дейін! Индустриялды аймақтар жер алуға да мүмкіндіктер қарастырылады. Жалпы, «Жас кәсіпкер» бағдарламасына «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-гі ішкі қаражатынан бастапқыға 100 миллион теңгені қарастырып отыр.

 «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і жаңа мекен-жайға көшіп келді: Түркістан қаласы, Тәуке хан көшесі, 321 үй. Ұйымның несие сарапшылары өзекті сұрақтарыңызға толық жауап беруге тырысады!

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.