Чехиялық гроссмейстер Игорь Раусистың біраз жылдар бойы жарыстарда жеңілмей жүруінің сыры ашылды. ФИДЕ-нің назарына іліккен алпысқа таяған ағамыз, жарыс кезінде әжетханада телефонмен отырғаны камераға түсіп қалған. Жүрістерін интернеттен көріп алып, жеңіске жетіп жүрген Раусист жарыстан шеттетіліп, үйіне қайтқан.

Жалпы шахмат әлеміндегі ойыншылардың Раусистың жеңістеріне күдікпен қарап жүрген екен. Себебі, жасы келген азаматтың бұлай жақсы ойнай бастауына сену қиын дейді көпшілік.

Әлемдегі ең мықты шахматшылардың рейтингісінде 58 жасар Раусис 53-ші орынға дейін жеткен. Ол бес жыл бойы ірі турнирларда жеңіліс таппай келген. Әрине, өзінің басымен жеңіске жетпегені анықталып тұр.

Енді Русистың шахмат спортындағы мансабына «шах» емес, «мат» қойылды. Оны алда ФИДЕ-нің соты күтіп тұр. Чехиялық: «Мен шахматтағы соңғы ойынымды ойнадым. Есімнен адасып, өзімді жоғалтып алдым. Рас мен алаяқтық жасадым. Мен үшін үлкен сабақ болды. Басқа қосарым жоқ» деп, қағаз жүзінде мойындады.

Жалпы, шахматта бұдан бұрын да алаяқтың жасаған спортшылар болған екен. 2015 жылы грузиндік шахматшы Гайоз Нигалидзе әжетханада смартфон телефонын қолданғаны үшін 3 жылға спорттан шеттетілген. Әжетхана қағазына оралған телефоннан оның фейсбук парақшасына тіркелген «аккаунты» табылған. Басында Нигалидзе мойындағысы келмеген екен.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.