Су жарысынан Әлем чемпионаты биыл Корея елінде өтіп жатыр. Кеше қыздар арасында су полосы ойынынан құрамалардың кездесулері өтті.

Корея қыздары су полосын кеше ғана үйренген екен. Алғашқы жүзуін бір ай бұрын бастағандар да бар көрінеді. Венгриялық қыздарға бірінші ойында 64:0 есебімен ұтылған кореялық қыздарға, келесі ойында суға түсуден бас тарту керек еді. Екінші ойында да ресейлік қыздарға 30:1 есебімен ұтылды.

Бір голдың авторы 17 жасар Дасель Кунг. Есеп ол кезде 27:0-ге жеткен.

Бірінші ойыннан қорытынды шығарған Корея құрамасының қыздары, ойында шабуылға берілетін 25 секундты толық пайдалануды жөн санаған. Бірінші ойында бір ғана соққы жасаған олар, ресейлік қыздарға он соққы жасап үлгерген.

FINA құрамының құрметті мүшесі Геннадий Алешиннің айтуынша: – Масқара. Ең қауқарсыз команда деуге болады… 64:0. Санаға қонбайтын есеп. Негізі есеп 50-ге жеткенде ойынды тоқтату керек. Тоқтату ойда болған. Алайда, ақша төлеп келген жанкүйерлердің көңіліне қарап, ойын тоқтатылған жоқ. Жанкүйерлерді сыйладық.» дейді, МАТЧ-ТВ арнасына берген сұхбатында.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.