Миллионнан астам тұрғыны бар қаланы жан-жақты бақылау оңай шаруа емес. Бір қала әкіміне жүктеп қойып, қарап отыруға да болмайды. Жұмыла кірісетін мәселе көп. Оның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетуде нақты шешімдер мен тиянақтылық қажет. Одан бөлек үлкен қаржыны талап етеді. Қаламыздың жомарт жандарынан қосымша көмек келіп жатса, нұр үстіне нұр болмақ.

Сақтансаң сақтаймын деген

Әрине апат айтып келмейді. Бірақ, әрбір адам сақтық шарасына үлкен жауапкершілікпен қарағаны жөн. Аудандық әкімшілік және «ҚазТрансГаз Аймақ» қызметкерлері бірлесіп, әлеуметтік қорғалмаған отбасыларында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, пеш құбырларын тексеріп, түтін шығаратын мұржаларды тазалау жұмыстарын жүргізді.

Шымкент қаласының аудан әкімшіліктердің ұсынған мәліметтеріне сүйенсек, қалада 21 000 жағдайы төмен отбасы тіркелген. Естеріңізде болса қала әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен өткізілген «Төтенше жағдайларды алдын алу және жою» жөніндегі комиссиясының отырысында осы мәселе бойынша сұрақтар қаралып, нәтижесінде жағдайлары төмен отбасыларға алдағы уақытта газдабылқаққыштар сатып алуға қаражат қарастырылуы тиіс болатын. Сондай-ақ, бүгінгі таңда жергілікті кәсіпкерлер мен азаматтық қорғау органдары ардагерлерінің көмегімен қала аумағында 1150 газдабылқаққыштар орнатылды.

Тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыруғаТЖ департаменті,  Абай ауданы ТЖ бөлімінің,   аудандық әкім аппаратының қызметкерлері,жергілікті полиция қызметі,газ шаруашылығының мамандары, ерікті студенттер ат салысты.

Жылда жасалынатын игі іс-шараның негізгі мақсаты: қала аумағындағы әлеуметтік тұрғыдан осал  және мүгедектері бар отбасыларына көмек көрсету, өрт қауіпсіздік саласында өрттер мен қайтыс болатындардың санын төмендету, жазатайым оқиғаларды болдырмау; халықтың арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру болып келеді. Шымкент қаласында өрт жағдайы бүгінгі таңға былтырғы жылмен салыстырғанда 26,2 пайызға өскен. Жыл басынан бастап 166 өрт тіркелген (2018ж. – 130), оның салдарынан 5 адам қайтыс болған (былтыр 3 адам), 5 адам жарақат алған (былтыр 8 адам). Бұл көрсеткіш 62 %-ға төмендеген. 2018-2019 жылдардың жылу беру маусымында 6 улы газбен уланудың оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 7 адам қайтыс болған және 1 адам жарақат алған.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.