Шымкентте Орталық Азиядағы ең қуатты автотрансформатор бар. Қазақстандағы қуаттылығы 63 МВА класты, 220 кВ кернеулі автотрансформаторды техника ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі Сергей Соколов жобалаған.

Бұл инновациялық ілгерілеуге «Alageum Electric» компаниясы, «Энергия» ҚазОЭЖҒЗЖІИ АҚ және «Электродеталь» ЖШС кәсіпорындарының құрамына кіретін Кентау трансформатор зауытының ғалымдары мен инженерлері қол жеткізді. Оларға жетекшілік жасаған жоба авторы С.Соколовтың ғылыми еңбектері елімізде және шетелдерде жарияланған.

– Қуаттылығы 63 МВА автотрансформатор» Қазақстанға өте қажет, мұндай трансформаторларға деген сұраныс күннен күнге артып келеді. Ал шетелдерде бұл трансформатор өзінің ерекшеліктеріне орай басқа да осындай трансформаторлармен бәсекеге түсе алады, – дейді С.Соколов.

Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк «Өнімді инновацияларды ынталандыру» атты жобасын бірлесіп жүзеге асырды. Сол жоба аясында автотрансформатор 2017 жылы «Өнімді инновациялар консорциумының» бағдарламасы шеңберіне қолдау тапқан болатын.

Кентау трансформатор зауытының автотрансформаторы пайдалануға әзір тұр. Осы жақын күндері ол Түркістан облысымен іргелес үш ауданда – Келес, Сарыағаш және Мақтааралда электрэнергиясын бөле бастайды. Сарыағаш ауданының ТКШ-мен шарт жасалып та қойылды.

Қуаттылығы жоғары трансформаторларға деген сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Мәселен, Қазақстанның іс жүзінде барлыққосалқы станциялары ХХ ғасырдың 80-жылдары салынғаны белгілі. Демек, таяудағы мерзімде оларды жаңғыртуға мүмкін болады. Сондықтан да, бөтенді өзіміздікіне алмастыру Қазақстандағы импорт алмастыру бағдарламасының негізгі философиялық тұжырымы. «Кентау трансформатор зауыты» АҚ бұл бағытта белсенді жұмыс атқаруда. Кернеуі 220 кВ класты қуаттылығы 63 МВА автотрансформаторы – Қазақстандағы импорталмастыру жөніндегі ауқымды жұмыстың жарқын мысалы десек болады.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.