2019-2020 жылғы Чемпиондар лигасының 1/8 ойындарының төрт кездесуі аяқталды. «Атлетико» өз алаңында АПЛ-де жеңіліс көрмеген «Ливерпульге» 1:0 есебімен жеңіліс сыйлады. Неймар, Мбаппе, Ди Мария, Кавани, Вератти т.б. сынды қымбат ойыншыларға бай ПСЖ командасы жас таланттары жинап алған «Боруссияның» алаңында 2:1 есебімен жеңіліс тапты. Алаңда жасындай жарқылдап, жанкүйерлердің жүрегін бірінші ойынында жаулап алған Холанн екі голдың авторы атанды.

Бүгін де фавориттер жеңіліске ұшырады. Жозе Моуриньо бапкерлік жасайтын «Тоттенхэм» өз алаңында «Лейпцигке» 0:1 есебімен жеңілсе, италиялық «Аталанта» өз жерінде испаниялық «Валенсияны» аяған жоқ. Есеп 4:1. Лондондық команданың сапындағы негізгі ойыншылары Кейн мен Сон Хын-Мин жарақат алған.

Әрине, бұл кездесулерде барлық команданың келесі айналымға өтуге мүмкіндіктері бар. Испаниялық «Валенсияның» ғана тағдыры қиндау…

Юрген Клоп баптайтын «Ливерпуль» «комбэк» жасауға бір табан жақын командалардың бірі екенін ұмытпаған жөн. Мане мен Салах сынды сұрмергендер «Энвильдте» өз сөздерін айту керек.

19 жасында ЧЛ-да 7 ойында 10 гол, «Боруссия» сапында 7 кездесуде 11 гол соғып үлгерген Эрлинг Холанның сұрмергендік талантына бүкіл әлем тәнті болуда. 2024 жылғы дейін Холаннмен келісім-шарт жасасқан «Боруссия» командасы үлкен олжаға қол жеткізді деуге болады. (Шабуылшыны transfermarkt.kz сайты 60 млн. еуроға бағалап отыр.) Бұл сұрмергенді еуропаның алпауыттары көп кешіктірмей жүз миллиондаған соммаға сатып алатыны сөзсіз. Қазіргі трансферлік бағасы да ұшып тұрса керек. ПСЖ-ның келесі кезеңге өтуге ниеті бар болса, қорғаушылары норвегиялық жас талантқа сақ ойнағандары дұрыс…

Италиялық «Аталанта» командасы атақтарымен еуропада дүркіреп тұрмаса да, команданың футболдағы өз тарихы бар. Көпшілік біле бермейтін ойыншылардан жасақталған команда, биылғы ЧЛ-да мықтылардың мысын басуы әбден мүмкін. Өткен жылы сенсация жасаған «Аякстың» орнын жоқтатпайтын секілді.

Қалған ойындар:
26.02. «Наполи» – «Барселона»
26.02. «Челси» – «Бавария»
27.02. «Лион» – «Ювентус»
27.02. «Реал Мадрид» – «Манчестер Сити».

Барлық кездесулер түнгі 02:00-де басталады.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.