Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің басшысы болып полиция полковнигі Ержан Сәденов тағайындалды. Полиция департаментіне келген жаңа басшыны Ішкі істер министрі Ерлан Тұргымбаев пен қала әкімі Бақыт Сұлтановпен бірге таныстырды.

Сәденов Ержан Сапарбекұлы 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің жоғарғы мектебін бітірген. 2016 жылдан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Ақмола облысының полиция департаментінің басшылық қызметінде болған.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.