Кәсіпқой бокста аты әлемге әйгілі отандасымыз Геннади Головикин «GGG» өзінің «инстаграм» парақшасында, бапкері Абель Санчеспен енді жаттығу жасамайтынын хабарлады.

 Мексикалық бапкердің отандасымызға үйреткені, бергені көп кәдесіне жарады деуге болады. Таланатты бакер мен боксшы қосылып кәсіпқой рингта үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, талай мықтыларды сұлатып та үлгерді.

Өз парақшасында Головкин: «Мен кәсіпқой мансабымдағы өте маңызды шешім қабылдап жатқанымды айтқым келеді. Жеткен жетістігімде тоқтап қалмастан ары қарай өсуім керек. Мен енді Абель Санчестің қол астына жаттығу жасамайтын болдым. Бұл шешім мен үшін оңай болған жоқ. Бапкердің кәсіби деңгейіне еш қатысы жоқ. Абель өз ісін адал, жақсы жасады. Бокста маған берген сабақтарына алғысымды айтам. Алдағы уақытта жаңа бапкерімді жариялай жатармын» – деп, өзінің «инстаграм» парақшасында мәлімдеді.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.