Швециядағы Каролин университетінің ғалымдары жүргізген бірегей зерттеу барсыныда, жаңғақ жеу жүрек соғысының бұзылу қаупін 18 пайызға төмендететінін анықталды. Мамандар аптасына үш мәрте жаңғақ жеп тұру пайдалы деп кеңес берді.

 Ғалымдар алты мыңнан астам шведтіктердің күнделікті тамақтану мәзірін зерттеп, ондағы жаңғақ пен жүрек талмасының байланысын барынша анықтауға тырысқан.

 Ауқымды зерттеу нәтижесінде, аптасына үш рет жаңғақ жеуді әдетке айналдыратын адамдарда жүрек ритмі қалыпты болып шыққан. Яғни, жаңғақ арқасында жүрек соғысының бұзылу қауіпі 18 пайызға азайып кетті.

 Ал жүрек ритмінің қалыпты тұрғыда болуы өз кезегінде жүрек талмасы мен түрлі ауыр дерттерді болдырмайды.

Жаңғақты жиі қолданатын адамдарда жүрек талмасына шалдығу өте сирек кездескен. Сонымен қатар, жаңғаққа деген махаббат инсульт, инфаркт секілді аурулардың алдын алуда таптырмас әдіс саналды.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.