Жұмыссыздық деңгейін төмендету шаралары қалада қарқынды және тұрақты жүргізіліп келеді. Осыған орай, ҚР Мемлекеттік істері агенттігі Шымкент қаласы әкімдігімен бірлесіп бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Мақсаты – екі қолға бір күрек таппай, оқыған мамандығының нанын жегісі келіп жүргендерге көмектесу. Мемлекеттік қызметке орналасудың тәртібін түсіндіру, іріктеудің қағидаларын, өңірдегі бос орындармен таныстыра отырып, жастарды мемлекеттік қызметке тарту.

Жәрмеңкеде жергілікті атқарушы органдар, аумақтық департаменттер мен басқармалар бос орындарын ұсынды.
– Шымкент қаласында қазіргі таңда 48 мемлекеттік орган, 2000-ға жуық мемлекеттік лауазым бар. Соның ішінде 5 пайызы бос орындар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметті барынша ашық, қолжетімді ету үшін осы жәрмеңкені ұйымдастырып отырмыз. Және айта кетер жәйт, Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кірудегі артық кедергілерді жою тапсырмасын орындау мақсатында ЖОО-ның үздік түлектері үшін мемлекеттік қызметке конкурссыз тікелей тағайындау мүмкіндігі енгізілді. Бүгінгі күні мемлекеттік грантпен жоғары оқу орындарын жоғары үлгеріммен, GPA 3,33 баллдан жоғары аяқтаған үздік түлектерді аудандық және ауылдық жерлердегі төменгі лауазымдарға конкурссыз тағайындалады.

Сондай-ақ, жұмысқа орналасуды пилоттық түрде онлайн жүргізіп жатырмыз. «Е-қызмет» порталында бос вакансияны орналастырамыз. Сол вакансияға үміткер адам тесті онлайн тапсырады. Камера 360 градуста тест тапсырушының жан-жағын бақылап тұрады. Жиынтық балды жинаған адамның сол лауазымға лайық екені анықталады, – дейді ҚР Мемлекеттік істері агенттігі Шымкент қаласы департаменті басшысының орынбасары Аянай Раева.

Бос орындар жәрмеңкесінде ЖОО және жас мемлекеттік мектебінің түлектері, квазимемлекеттік сектор мен жастар орталығының қызметкерлері және қала тұрғындары қатысып, өздеріне керекті мағлұматтарын алып кетті.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.