Өкінішке қарай қазіргі қоғамда алаяқтық мәселесі кеңінен белең алуда. Күніне алаяқтардың құрбаны болған қаншама жанды көріп, естіп жатамыз. Бөтеннің мүлкін заңсыз жымқырып немесе алдау, арбау арқылы иемденіп алу – нағыз алаяқтық. Бұған елімізде заң күші қатал бекітілген. Дегенмен, алаяқтықтардың әрекетіне құрық салу мүмкін болмай тұр. Мәселен, Шымкент қаласында 2023 жылы 960 жәбірленуші қаржылық пирамидаға тіркеліп, 720 млн. теңгеге шығынға батса, 2024 жылдың 6 айында 690 жәбірленуші қаржылық пирамидасына тіркеліп, 423 млн. теңгедей шығынға батқан. Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Бақыт Қайшыбеков өңірлік коммуникация алаңында берген баспасөз конференциясында айтты.
Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде жүргізіліп жатқан істің барлығы электронды форматта тіркеліп, тергеледі. Департамент мәліметіне сүйенер болсақ, жыл басынан бері қаржылық пирамидаларды құрудың үш оқиғасы орын алыпты. Оның екеуіне қатысты сот үкімі шығып, алаяқтық схема жасаушылар бас бостандығынан айырылған. Ал, бір іс өндірісте қаралуда. Өкініштісі, көлеңкелі экономикаға құмартатындардың басым көпшілігі әйелдер екен. Олар аз көлемде ақша беріп, бірнеше уақытта миллионер боласың деген сөзге тез сеніп қалады дейді мамандар. Сондықтан, білім беру мекемелерінде, жоғары оқу орындарында нда қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша семинар-тренигтер жиі ұйымдастырылады дейді департамент басшысы.
– Президент тапсырмасына сәйкес, көлеңкелі экономика деңгейін төмендету, заңсыз жолмен табылған мүлікті қайтару бойынша жұмыстар атқарылуда. Қаржылық пирамида алаяқтар ойлап тапқан жобалар. Бір қарағанда тиімді инвестиция сиқты көрінеді. Онымен күресу үшін экономикалық тергеп-тексеру департаменті халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында форумдар мен түрлі конференция ұйымдастырады. Көп ретте алаяқтардың арбауына жастар жиі түседі. Ал түрлі айланы ұйымдастырушылардың дені әйелдер. Жыл басынан бері 3 қылмыстық іс анықталып, 2 іс бойынша сот шешімі шықты. «Ақ үй арман» және «Гәп» деген қаржылық пирамидалар анықталды,-дейді Бақыт Қайшыбеков.
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.