Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) 2001 ж. 15 шілдеде Шанхай қаласында алты мемлекеттің (Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) бастамасымен құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым. ШЫҰ-ның ізашары «Шанхай бестігі» болды, ал Шанхай әріптестігі Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан арасындағы шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларының күшейтілуімен жүзеге асырылды. Бес мемлекеттің аумағында кезегімен ұйымдастырылып, толық қалыптасты, кездесулер тақырыбы да кеңейе бастады, енді бұл шаралар бес мемлекеттің арасындағы саяси, қауіпсіздік, сыртқы байланыс, экономика және сауда салаларындағы тиімді өзара әріптестік дәрежесіне көтерілді.
Бейжіңдегі «Бір белдеу, бір жол» халықаралық жобасының 10 жылдығына арналған көшпелі көрмеде «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қорынан сақ-үйсін дәуірінің экспонаттары ұсынылды. «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығында Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстаннан келген және қазақстандық 48 шебердің қатысуымен «Ұлы Жібек жолы бойындағыға тоқыма және зергерлік өнер» халықаралық жәрмеңкесі өткен болатын.
Министр ШЫҰ қолдауымен осы тәжірибені жалғастыру мәдениеттер мен халықтардың одан әрі байланысына ықпал ететініне сенім білдірді.
2023 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «ШЫҰ-ның киелі орындары» жобасы қолға алынды, оның аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі көрнекті ойшыл Қожа Ахмет Яссауи кесенесін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізіліп жатыр.
Министр Бас хатшының назарын ШЫҰ-ға қатысушы елдер иеленетін мәдени мұраның бай әлеуетіне аударды және ШЫҰ мандаты шеңберінде осындай бірегей орындар туралы мүмкіндігінше көп ел азаматтары білуі үшін неғұрлым кең мәдени-ағартушылық жұмыс жүргізуді ұсынды.
Креативті индустрияларды дамыту – үлкен әлеуетке ие маңызды бағыттардың бірі екенін алға тартты.
Өз кезегінде Чжан Мин министрдің барлық ұсыныстарын қолдауға және оларды іске асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.
Соңында Аида Балаева ШЫҰ Хатшылығына мәдени тұрғыда танылуға атсалысқаны үшін және қатысушы елдер арасында диалог құруда бірлескен жемісті жұмысы үшін ризашылығын білдірді.