Шымкент қаласы бойынша 5 дүниежүзілік көшпенділер ойындарына «Толағай» алыптар сайысы бойынша іріктеу кезеңі өтті. Аталған шараны Шымкент қаласы әкімдігінің және қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен, еліміз келесі жылы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтуде. Бұл – әлем жұртшылығына көшпенділердің даналығы мен дәстүрін, мәдениеті мен өнерін паш ететін халықаралық деңгейдегі айтулы мереке. Қазірдің өзінде, елімізде өтетін Көшпенділер ойындарына 73 мемлекеттің өкілдері қатысуға ниет білдірді.
Республикалық сайысқа қаламыздан барлығы 10-нан аса спортшы қатысып, бақ сынайды.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасы спорт, мәдениет, ғылым сынды негізгі үш саланы қамтиды. Осы үш саланы біріктірудің арқасында көшпенділер мәдениетін зерттеп, жаһандық деңгейде насихаттау мүмкіндігі артады.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ат спорты түрлері, ұлттық күрес түрлері, садақ ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, садақ ату, жамбы ату, арқан тарту сынды ұлттық және халықтық ойындардың 20 түрінен жарыс өтеді. Бұған қоса ресми бағдарламадан тыс, ұлттық өнердің 10 түрін таныстыру мақсатында өтетін арнайы көрсетілім сайыстары белгіленген.
Көшпенділер ойындарының идеясын толық ашу үшін еліміздің барлық аймағында «Бірлік керуені» жобасы іске асырылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бұқаралық спортты дамыту бойынша Шымкент қаласында көптеген спорттық іс-шара өткізілуде. Соның бірі алғаш рет ұйымдастырылып отырған Толағай алыптар сайысы.
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрады. Атап айтқанда, 1 минут ішінде қашықтыққа салмағы 100 келі табиғи тасты көтеріп жүру, 100 келі қапты көтеру, салмағы 200 келі арбаны сүйреу, найзаны қашықтыққа лақтыру бойынша сынға түсті.

Жарыстың басты мақсаты – 5 дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу өткізіп, еліміздің көк туын желбіретер Толағай батырды анықтау.

Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынға Бағдат Маматқұл ие болды. 2-орынды
Бағлан Мырзатаев қанжығалады.
Нимаджан Халметов пен Сәулет Абдусаликов үздік үштікті түйіндеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталады.

Шымкент келбеті

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.