Түркістанда «Оқушылар сарайының» өнерпаздары қоғамдық көлікте ән салып, жолаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
«Дәстүрлі ән» үйірмесінің оқушылары танымал халық әндерін орындады. Мақсат – осы арқылы жолаушыларға көңіл-күй сыйлау және халық әнін дәріптеу, тұрғындар арасында ұлттық өнерді насихаттау.
– Бұл идеяны «Дәстүрлі ән» үйірмесінің оқушылары өздері ұсынды. Ал мен басшы ретінде оларға бірден қолдау білдірдім, – дейді «Оқушылар сарайының» директоры Индира Икапова.
Көліктегі жолаушылар да халық әндерін бірге қосыла шырқап, оқушыларға қолдау жасады.