Балалардың жазғы лагерде болу қауіпсіздігінің негізгі талаптары: лагерь аумағы қоршалуы, ауыз суды үздіксіз беру, ыстық сумен жабдықтау, кәріз, жарықтандыру, желдету ұйымдастырылуы тиіс. Барлық үй-жайлар таза болуы тиіс, рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күнделікті тазалау жүргізілуі тиіс. Сауықтыру лагерлерінде күніне бес рет тамақтану көзделеді және медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.
Балалардың қауіпсіз демалуы үшін келесі ұсынымдарды орындау қажет.
Жазғы балалар ұйымдарының иелері:
1. Балалардың келуі басталғанға дейін лагерлерді ашуға уақтылы және сапалы дайындауды қамтамасыз ету және лагердің белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін растайтын санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алуы тиіс.
2. Жұмысқа рұқсаты бар жеке медициналық кітапшалары жоқ адамдарды балалармен және ас блогымен жұмыс істеуге жібермеуі тиіс. Қызметкерлерді медициналық қарап-тексеруге уақтылы жіберуі тиіс.
3. Балалардың саны лагердің қуатына (жатын бөлмелері, ас блогындағы технологиялық жабдықтар) сәйкес келуі тиіс.
4. Балалардың сырқаттануының алғашқы белгілерінде – жақын жердегі медициналық ұйымға хабарласуы тиіс.
Ата-аналар:
1. Лагерді таңдау кезінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында орналастырылған балаларды сауықтыру ұйымдарының тізбесін басшылыққа алуы тиіс.
2. Баланы қала маңындағы лагерге жібермес бұрын оның жай-күйін тексеру керек. Баланың аллергиясы, созылмалы аурулары және тағамдық артықшылықтары туралы алып жүретін адамға (педагогқа) алдын-ала ескертуі, бұл туралы баланың медициналық анықтамасында да жазылуы керек.
3. Бұзушылықтардың барлық фактілері бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшесіне жүгіну қажет (байланыс телефондары мен мекенжайлары ресми сайттарда орналастырылған).