Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы өтті деп Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің ресми парақшаларында хабарлады. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысқан сессия отырысына әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Сессияны мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіндегі мәселелерді қарады. Сондай-ақ, жиында бірқатар басқарма басшылары атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларын баяндады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің ресми парақшаларында хабарлады.
Жолаушыларды тасымалдау қызметінің сапасын дамыту, Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы мәселе күн тәртібінде қаралып, оң шешімін тауып, 1 мамырдан бастап бірнеше тұрғындар санатына қоғамдық көлікпен тегін жүру жеңілдіктері берілетіні айтылып өтті.
Алдыңғы сессияда Шымкент қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетінің көлемі ұлғайғанын айтқан болатын. Осыған орай, қала бюджетінің басым бөлігі маңызды салаларға бөлінді. Соның бірі «Қамқор» жергілікті тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға 5 миллиард теңге қаралған. Бүгінгі күн тәртібіндегі келесі мәселе осы, тұрғындарды баспанамен қамту шаралары туралы болды.
Шымкент қаласының құрылыс басқармасы басшысының атқарған жұмыстары туралы есебінде «Қамқор» өңірлік бағдарламасы арқылы 400-ден кем емес отбасыны несиелендіру көзделгені айтылды жиын барысында.
Мұнан бөлек, Шымкент қаласында сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстарда тыңдалып, қаралды.
Жиын барысында сын-ескертпелер де ескеріліп, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірнеше тиісті шешімдер қабылданды.